Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Коммуналдық сала – қала көркеюінің негізі
    Жаңалықтар

    Коммуналдық сала – қала көркеюінің негізі

    SalemnewsSalemnews29.05.202624 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Коммуналдық сала – қала тіршілігінің күретамыры. Тұрғындардың жайлы өмір сүруі мен шаһардың тұрақты дамуы сала мамандарының тынымсыз еңбегіне тікелей байланысты.

    Шын мәнінде, олардың күнделікті тіршілігі көшелердің тазалығы мен инфрақұрылымның қалыпты жұмысынан ғана емес, шаһардың көркеюіне бағытталған ауқымды жобалардан айқын аңғарылады. Соңғы жылдары Қызылордада қоғамдық кеңістіктерді жаңарту, демалыс орындарын көбейту, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

    Қоғамдық кеңістіктерді жаңарту жұмыстары қаланы көгалдандыру шараларымен қатар өріліп келеді. Өйткені жайлы орта тек жаңа нысандармен емес, табиғи жасыл желекпен өлшенеді.

    Бұл ретте көгалдандыру мәселесі ерекше назарда. Қаланың кіреберісіне 7 мың, әуежай аумағына 4 мыңнан астам алма ағашының отырғызылуы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында көгалдандыру жұмыстарына 18 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылуы өңірдің экологиялық саясатының жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Бұл – бір реттік көгалдандыру акциялары емес, ұзақ мерзімге бағытталған жүйелі экологиялық саясаттың нақты көрінісі.

    Алдағы 2025-2030 жылдары 71,5 мың ағаш отырғызу, 658,6 мың шаршы метр жасыл аймақ қалыптастыру және 428 мыңнан астам гүл көшеттерін егу жоспары өңірдің экологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.

    Мұндай ауқымды жұмыстар қаланың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді саясаттың бір бөлігіне айналды.

    «Таза Қазақстанның» тағылымы

    Қала келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар аулаларды ретке келтіру, қоғамдық орындарды жаңарту, тарихи нысандарды күтіп ұстау, қалдықтарды басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыру және тұрғындарға жайлы орта жасау секілді кешенді шаралар арқылы жалғасып келеді.

    Бастамалардың барлығы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының мақсат-міндеттерімен үндесіп жатыр. Бағдарлама қала көлемінде табысты жүзеге асырылып, қоғамның түрлі өкілдерін ортақ іске жұмылдыра білді.

    Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда тек коммуналдық мекемелердің емес, тұрғындардың белсенділігі маңызды рөл атқаруда.

    Бүгінде сенбіліктерге мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдары, еріктілер және қарапайым тұрғындар белсенді қатысуда. Олар көшелерді, саябақтар мен скверлерді тазалап қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетіп келеді. Нәтижесінде тазалық пен тәртіпті сақтау қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айнала бастады.

    Аталған бағдарламасы аясында қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту жұмыстары да қарқын алған. Қазіргі таңда қала аумағында орналасқан 33 сквер мен аллея, саябақтар мен демалыс орындары кезең-кезеңімен жөндеуден өткізіліп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында жаңартылуда.

    Қаладағы мұндай жобалар болашақ ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

    – 15 млрд теңгеге Президент саябағы қайта жаңаланды. Мұнда 10 млрд теңгеге жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері бой көтерді. Саябақта 5 млрд теңгеге Ботаникалық білім беру орталығының ғимараты салынды. Жоспардағы мегажоба – Президент саябағы мен Астана шағын ауданын байланыстыратын, құны 9 млрд теңге болатын Сырдария өзені үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірі. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен 1,3 млрд теңгеге 20 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, оның аясында 19 футбол алаңы, 25 жаттығу алаңы, 21 балалар ойын алаңы және 13 демалыс орны салынуда. Бұл нысандар – жақсы істердің жалғасы әрі жаңа жобалардың бастауы, – деді қала әкімі Нұржан Сәбитұлы.

    Экологиялық сана

    «Таза Қазақстан» бастамасы бүгінде қарапайым тазалық акциясының аясынан әлдеқайда асып түсті. Ол қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырып, қоғамның экологиялық сын-қатерлерге бейімделуінің маңызды тетігіне айналып отыр.

    Бұл мақсатқа жетуде жастардың қосып жатқан үлесі де аз емес. Өйткені экологиялық мәдениеттің тұрақты қалыптасуы өскелең ұрпақтың табиғатқа деген көзқарасымен тікелей байланысты.

    Бүгінде мектеп оқушылары мен студенттер қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобаларға белсенді араласып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісінің алдыңғы қатарынан көрініп жүр.

    Соның жарқын мысалының бірі – қаладағы Серәлі Лапин атындағы №261 орта мектеп. Мұнда экологиялық тәрбие мен табиғатқа жанашырлықты дәріптейтін бастамалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Мектеп аумағында құрылған жылыжай оқушылардың табиғатпен етене байланыс орнатуына мүмкіндік беретін маңызды тәжірибелік алаңға айналған.

    «Жасыл мектеп» жобасы аясында жұмыс істейтін жылыжайда оқушылар еңбекке баулудың, табиғатты аялаудың және экологиялық жауапкершіліктің маңызын түсінеді. Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыратын мұндай жобалар өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жанашыр көзқарасын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.

    Мектептің биология пәні мұғалімі Жанат Кенжееваның айтуынша, білім ордасында 2021 жылдан бері «Жасыл-эко» жасақтары нәтижелі жұмыс істеп келеді.

    – Орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің инспекторларымен бірлесіп, Талдыарал елді мекенінде көшеттер отырғызу шараларына қатысып, тәжірибе алмасып жүр. Бастама оқушылардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген ынтасын оятады, – дейді ол.

    Жастардың мұндай белсенділігі – бастаманың ұзақ мерзімді нәтижесін айқындайтын маңызды факторлардың бірі. Себебі табиғатты қорғау мәдениеті мектеп қабырғасынан қалыптасқанда ғана қоғамда экологиялық жауапкершілік терең орнығады. Жалпы, Қызылордада жүзеге асырылып жатқан абаттандыру, көгалдандыру және экологиялық жобалар қаланың бүгінгі келбетін жақсартып қана қоймай, болашақ ұрпақ үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған. Ал осы жұмыстардың барлығының негізінде коммуналдық сала қызметкерлерінің ерен еңбегі, тұрғындардың белсенділігі мен ортақ іске жұмылған қоғамның жауапкершілігі жатыр

    Қамысқала Қызылорда
    Previous ArticleЖАҢАРҒАН САЯБАҚ – ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАЙЛЫ ОРТА
    Next Article Шаһарда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа маусымы басталды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.