Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Біржан Оразов «Қайраттан» кететінін мәлімдеді
    Жаңалықтар

    Біржан Оразов «Қайраттан» кететінін мәлімдеді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова28.04.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: instagram.com/orazov17

    Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов «Қайрат» футбол клубынан кететінін мәлімдеді. 31 жастағы футболшы осы маусымды аяқтап кетпек, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    «Барлық жанкүйерлеріммен осы уақытқа дейін әрқашан шынайы болдым және солай қала беремін. Сондықтан бұл шешімді сіздерге өз аузымнан жеткізуді дұрыс деп санадым. Соңғы 8 жыл бойы АФК «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, осы клубтың бір бөлшегі болдым. Клубтан кету туралы шешім қабылдадым. Бұл менің жеке шешімім. Өзіме жаңа белес, жаңа сынақ қоюды жөн көрдім. Осы жылдар ішінде бірге еңбек еткен барлық жаттықтырушыларға, медициналық штабқа, клуб басшылығына және әрдайым қолдау білдірген жанкүйерлерге шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз мен үшін әрдайым ерекше болды. Осы маусымды соңына дейін командамен бірге аяқтаймын. Алда жаңа мақсаттар, жаңа команда және жаңа жеңістер. Жақын арада жаңа парақтың куәсі боласыздар», — деп жазған ол.

    Previous ArticleШахматшы Бибісара Асаубаева тарихи нәтижеге қол жеткізді
    Next Article Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.