Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды
    Жаңалықтар

    Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова27.04.202631 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Ұлыбританияның Хэрогейт қаласында Institution of Engineering and Technology ұйымдастырған беделді UK First Lego League Championship халықаралық робототехника чемпионаты өтті, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қазақстан құрама командасындағы Астана қаласының оқушылары жарыста үздік нәтиже көрсетіп, бірден екі басты марапатты жеңіп алды. Оқушылар робот-ойын бойынша 1 орын және жарыстың үздік командасы атанды.

    Чемпионатқа Ұлыбритания, Бразилия, Франция, Германия және Словакия сынды елдерден 68 команда қатысты. Команда бұл чемпионатқа Астанада өткен Central Asia First Championship турниріндегі сәтті өнер көрсетудің нәтижесінде жолдама алған.

    Робот-ойыннан бөлек, қатысушылар «artifacts.kz» атты Қазақстандағы археологиялық артефактілердің онлайн-базасын ұсынды. Жоба аясында оқушылар идеядан бастап зерттеу, техникалық әзірлеу және профильді институттармен байланысқа дейінгі толық процесті көрсетті. Жоба технологиялық деңгейімен ғана емес, ұлттық мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесімен де жоғары бағаланды.

    Previous ArticleЖапон жазушысы Харуки Муракамидің жаңа романы жарық көреді
    Next Article Шахматшы Бибісара Асаубаева тарихи нәтижеге қол жеткізді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.