Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ұлттық ұландықтар КВН сахнасында топ жарды
    Жаңалықтар

    Ұлттық ұландықтар КВН сахнасында топ жарды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова16.04.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Теміртау қаласында өткен «Магнитка» КВН лигасының фестивалінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінің «Ұлттық ұлан» командасы үздік нәтиже көрсетіп, бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Аталған фестивальге барлығы 12 команда қатысып, өзара әзіл мен тапқырлықта бақ сынады. Ойын толықтай орыс тілінде өтті. Соған қарамастан, әскери бөлім намысын қорғаған «Ұлттық ұлан» командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, сахнада өзін еркін ұстай білді.

    Команда мүшелері өз өнерлерінде өзекті тақырыптарды қозғап, әскери қызметтің ерекшеліктерін әзілмен шебер жеткізді. Олардың сахна мәдениеті, актерлік шеберлігі мен ұйымшылдығы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Көрермендер де әрбір әзілді ерекше ықыласпен қабылдап, зор қошемет көрсетті.

    Фестиваль қорытындысы бойынша 5451 әскери бөлімінің «Ұлттық ұлан» командасы жеңімпаз атанып, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл жеңіс – әскери қызметшілердің тек сапта ғана емес, мәдени-шығармашылық салада да белсенді әрі қабілетті екенін көрсетеді.

    Айта кету керек, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қызметтік міндеттерін абыроймен атқарумен қатар, түрлі мәдени іс-шараларға да белсене қатысып, қоғам өміріне өз үлестерін қосып келеді. Теміртау қаласындағы бұл жеңіс – соның жарқын дәлелі.

    Previous ArticleЖамбылда 9-сынып оқушысын өз-өзіне қол салуға итермелеген үш күдіктіге үкім шықты
    Next Article Құлынынан айрылып, жылап тұрған биенің видеосы желі қолданушыларының жүрегін елжіретті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.