Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа әуе рейсі іске қосылады
    Жаңалықтар

    Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа әуе рейсі іске қосылады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова24.03.202641 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    istockphoto.com

    «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы биылғы жылдың 29 наурызынан бастап Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Әуе компаниясы рейстерді аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) «Airbus A320» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындауды жоспарлап отыр.

    Жаңа әуе қатынасын ашуға 2025 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы авиациялық билік органдары арасында өткен келіссөздер алғышарт болды.

    Келіссөздер барысында екі ел арасындағы халықаралық рейстерді орындау үшін құқықтық базаны одан әрі кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

    Әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

    Previous ArticleАСТАНАДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА ОРАЙ ДРОН-ШОУ ӨТТІ
    Next Article Төрт адамды түні бойы іздеген: Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы табылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Оңтүстік өңірдің тұрғындары жер сілкінісін сезді

    03.04.2026

    Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың деректері ашық жарияланған

    03.04.2026

    Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді

    03.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.