Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жамбылда моншаға барған келіншек 4 жылға сотталды
    Жаңалықтар

    Жамбылда моншаға барған келіншек 4 жылға сотталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова18.03.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: istockphoto.com

    Жамбыл облысының Сарысу аудандық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталған азаматша К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    2025 жылдың қазан айында Жаңатас қаласында монша ғимаратының алдында сотталушы мен жәбірленуші арасында ауызша жанжал туындаған. Жанжал кезінде сотталушы қолында тұрған смартфонымен жәбірленушінің басынан ұрған.

    Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің миы шайқалған, бірінші дәрежелі ми контузиясы, сондай-ақ сынық түріндегі жабық ми жарақатын алған. Бұл адам өміріне қауіпті денсаулыққа ауыр зиян санатына жатады.

    Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұрады.

    Сотта жәбірленуші сотталушыны кешіретінін айтты.

    Сот үкімімен сотталушы К. ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны орындау жас балалардың болуына байланысты 5 жылға кейінге қалдырылды.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Previous ArticleБурабай тұрғынын үй кезегінен заңсыз алып тастаған
    Next Article Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік апатқа қатысты тың дерек шықты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-тағы тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқан 53 жастағы семейлік әйел жазаланды

    06.08.2026

    Баянауыл тауларындағы арқарлар дрон арқылы видеоға түсірілді

    06.08.2026

    Казахстанцы смогут получать больше медицинских услуг онлайн

    04.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.