Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Швейцарияда автобуста болған өрт салдарынан алты адам қаза тапты
    Жаңалықтар

    Швейцарияда автобуста болған өрт салдарынан алты адам қаза тапты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова11.03.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Швейцарияның батысындағы Керцерс қаласында автобуста шыққан өрт салдарынан алты адам көз жұмды, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Жергілікті полиция өкілі Фредерик Папоның айтуынша, өрт сейсенбі күні кешке тұтанған. Оның сөзінше, «қасақана жасалған әрекет» нұсқасы да қарастырылып жатыр, алайда түпкілікті қорытынды тергеу аяқталғаннан кейін жасалады.

    Өртенген автобус ұлттық пошта қызметінің құрылымына кіретін PostBus компаниясына тиесілі болған. Швейцариялық бұқаралық ақпарат құралдары көлік құралының түгелдей отқа оранғанын көрсететін кадрларды жариялады.

    «Оқиға орнына жеткен құтқару қызметтері автобустың толықтай өртеніп жатқанын анықтады», — делінген өңірлік үкіметтің мәлімдемесінде.

    Полиция мәліметінше, ауыр жарақат алған үш адам ауруханаға жеткізілген, тағы екі зардап шеккен адамға оқиға орнында көмек көрсетілген.

    Қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін прокуратура қылмыстық тергеу бастады.

    Previous ArticleАқтөбе облысында браконьерлердің көлігінен 14 ақбөкеннің еті табылды
    Next Article Ақтөбеде мектептің жанынан ер адамның мәйіті табылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-та бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды

    08.08.2026

    Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды

    08.08.2026

    Павлодарда қайғылы жағдай болды

    08.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.