Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда ҰБТ өткізу тәртібі өзгертілді
    Жаңалықтар

    Қазақстанда ҰБТ өткізу тәртібі өзгертілді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова05.03.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: ашық дереккөз

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі бірыңғай ұлттық тестілеуді (ҰБТ) өткізу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 26 ақпанда № 99 бұйрыққа қол қойды. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 «Бірыңғай ұлттық тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізуді көздейді.

    Жаңартылған қағидаларға сәйкес, ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп, бірақ дәлелді себептермен тестілеуге келе алмаған талапкерлерге ҰБТ өткізілетін кейінгі күндердің бірінде емтихан тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шарт — тиісті тапсыру тілі бойынша аудиторияда бос орын болуы.

    Дәлелді себептер қатарына мыналар жатады:

    Ауру немесе ауруханаға жатқызылу. № 026/у нысанындағы дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысын немесе стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді эпикриз ұсыну қажет.

    Жақын туысының қайтыс болуы. Қайтыс болу туралы куәлік және туыстықты растайтын құжат қажет. Жақын туыстар тізбесі ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексімен айқындалады.

    Сондай-ақ өзгерістер қысқартылған оқу мерзімі бар бағдарламалар бойынша туыстас даярлық бағыттарына түсетін тұлғалардың ҰБТ тапсыру қағидаларына да қатысты болды.

    «Қысқартылған оқу мерзімін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша туыстас даярлық бағыттарына түсетін тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері, шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсушілерді қоспағанда, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша ҰБТ тапсырады», – делінген бұйрықта.

    Previous ArticleАбай облысында әскери қызметші қайтыс болды
    Next Article Алаяқтарға алданып, үйсіз қалған ақтөбелік зейнеткер қарттар үйін паналауға мәжбүр
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-та бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды

    08.08.2026

    Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды

    08.08.2026

    Павлодарда қайғылы жағдай болды

    08.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.