Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Кибералаяқтар Орал тұрғынының атына 5 млн теңге несие рәсімдеген
    Жаңалықтар

    Кибералаяқтар Орал тұрғынының атына 5 млн теңге несие рәсімдеген

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова24.02.202641 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: istockphoto.com


    Орал қаласының тұрғынына белгісіз адамдар қоңырау шалып, SMS-кодты айтып беруін сұраған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    SMS-кодты алғаннан кейін, алаяқтар жәбірленушімен қайта байланысып, өздерін банк қызметкерлері және Қазақстан Республикасы қаржылық мониторинг агенттігінің мамандары ретінде таныстырған.

    «Қаражатты қорғау» деген сылтаумен олар әйелдің атына несие рәсімделіп жатқанын хабарлап, операцияны болдырмау үшін арнайы қосымшаны шұғыл түрде орнату қажет екенін айтқан.

    WhatsApp мессенджері арқылы әйелге бағдарламаны орнатуға арналған файл жіберілген.

    Қосымша жалған болып шыққан және алаяқтарға оның мобильді құрылғысына қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік берген.

    Телефонды бақылауға алған қаскөйлер 5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеп, қаражатты өз пайдаларына жаратқан.

    Полиция белгісіз адамдар жіберген сілтемелер арқылы қосымшаларды орнатпауды, ресми банк қосымшаларын тек App Store немесе Google Play арқылы жүктеу керегін еске салады. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мессенджерлер арқылы орнатуға арналған файлдарды жібермейтінін және мұндай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтату керегін ескертеді.

    Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

    Previous ArticleҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙДІ
    Next Article Алматыда заң бұзған 40 Өзбекстан азаматы елден шығарылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-та бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды

    08.08.2026

    Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды

    08.08.2026

    Павлодарда қайғылы жағдай болды

    08.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.