Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ақтөбе облысында тағы бес ауыл ішімдіктен бас тартты
    Жаңалықтар

    Ақтөбе облысында тағы бес ауыл ішімдіктен бас тартты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова24.02.202632 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: Polisia.kz


    Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған «Ішімдіксіз ауыл» акциясы өз нәтижесін беріп келеді. Өткен жылы өңірде алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартқан 35 елдімекен тіркелсе, биыл бұл бастамаға тағы бес ауыл қосылды. Осылайша облыстағы ішімдіксіз елді мекендердің жалпы саны 40-қа жетті, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Бұл шешім «Қауіпсіз аула» және «Алкогольсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында қабылданды. Төрт ауданның құрамындағы ауыл тұрғындары спирттік ішімдіктерді сатудан өз еріктерімен бас тартып, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуда.

    Жүргізілген талдау нәтижелері соңғы бес жыл ішінде мұндай ауылдарда қылмыс деңгейінің тұрақты түрде төмендегенін көрсетіп отыр. Бұл бастаманың тиімділігін нақты дәлелдейтін мысалдардың бірі – Шалқар ауданындағы Шетырғыз ауылы. Аталған елді мекен тұрғындары 2020 жылы алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан. Соның нәтижесінде соңғы алты жыл ішінде ауыл аумағында бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

    Дегенмен бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажет аудандар да бар. Атап айтқанда Алға, Хромтау және Қарғалы аудандарында алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан ауылдар саны әзірге аз. Осыған байланысты түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды күшейту көзделуде.

    Тәжірибе көрсеткендей, алкоголь өнімдерін сатудан бас тарту – құқық бұзушылықтардың алдын алудың, қоғамдық тәртіпті нығайтудың және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді жолдарының бірі.

    Алдағы уақытта «Ішімдіксіз ауыл» акциясына қосылатын елді мекендер санын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады. Бұл бастама қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.

    Previous ArticleӨскеменде үш аптада мыңнан астам тұрғын көктайғақтан зардап шеккен
    Next Article ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙДІ
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-та бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды

    08.08.2026

    Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды

    08.08.2026

    Павлодарда қайғылы жағдай болды

    08.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.