Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Тараз тұрғыны өзі жалға алған жерді өзге біреуге 6,9 млн теңгеге сатқан
    Жаңалықтар

    Тараз тұрғыны өзі жалға алған жерді өзге біреуге 6,9 млн теңгеге сатқан

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова25.02.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: istockphoto.com


    Тараз қалалық соты жер учаскесін жалға алу құқығын сатып алу-сату дауына қатысты азаматтық істі қарады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    2024 жылғы ақпанда талап қоюшы Тараз қаласында жер учаскесін сатып алғаны үшін жауапкерге 6,9 млн теңге көлемінде ақша қаражатын берген. Ақшаны беру фактісі қолхатпен расталған.

    Кейінірек сатушы учаскенің иесі емес, тек жалдау құқығына ие екендігі анықталды. Осы негізде талап қоюшы қаражатты қайтаруды талап етті, өйткені жауапкер мемлекеттік мүлікті басқаруға құқылы емес еді.

    Сот сонымен қатар қазіргі уақытта жер учаскесі мемлекеттік меншікте екенін және жауапкер учаскені жеке меншікке сатып алмағанын анықтады.

    ҚР Жер кодексіне сәйкес, жерді пайдалану құқығын иеліктен шығаруды осы құқықты мемлекеттен сатып алған адамдар ғана жүргізе алады. Қысқа мерзімді жалға алынған учаскелермен мәмілелерге тыйым салынады.

    Сот шешімімен жауапкерден 6,9 млн теңге және мемлекеттік баж өндірілді.

    Сот шешімі заңды күшіне енді.

    Previous ArticleАлматыда заң бұзған 40 Өзбекстан азаматы елден шығарылды
    Next Article Кентау тұрғыны зергерлік шеберханадан 9 млн теңгенің бұйымын ұрлап кеткен
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-та бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды

    08.08.2026

    Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды

    08.08.2026

    Павлодарда қайғылы жағдай болды

    08.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.