Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жүзушілер Әлем кубогінің кезеңінде 4 медаль жеңіп алды
    Жаңалықтар

    Жүзушілер Әлем кубогінің кезеңінде 4 медаль жеңіп алды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова16.02.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Астана әкімдігі


    Колумбияның Медельин қаласында 13-15 ақпан аралығында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Байрақты бәсекеге 20 мемлекеттен 120 спортшы қатысты. Жарыстың алғашқы күнінде Астана қаласының спортшылары тамаша нәтиже көрсетіп, екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Ерлер арасындағы еркін бағдарламада елордалық Эдуард Ким қарсыластарынан оқ бойы озып, 195.2476 ұпаймен алтын жүлдеге қол жеткізді.

    Ал әйелдер арасындағы топтық еркін бағдарламада Қазақстан құрамасы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Команда сапында елордалық спортшылар – Әйгерім Құрманғалиева, Жаклин Якимова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова және Ясмина Исламова өнер көрсетті.

    Келесі жарыс күнінде аруларымыз акробатикалық топта да жоғары шеберлік танытып, күміс медаль иеленді. Бұл бағдарламада да жоғарыдағы құрам ел намысын қорғады.

    Сонымен қатар микс-дуэттің техникалық бағдарламасында елордалық Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова қола жүлдеге қол жеткізді.

    Previous ArticleҚарағандыда жедел жәрдем көлігі Hyundai автокөлігімен соқтығысты
    Next Article Қызылорда тұрғыны 6 млн теңгеге алданды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.