Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жекпе-жек әлеміндегі ең беделді бапкерлердің бірі өмірден өтті
    Жаңалықтар

    Жекпе-жек әлеміндегі ең беделді бапкерлердің бірі өмірден өтті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова16.02.202622 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: 1bol.kz


    Қазақстандық кикбоксингтің аңызы, жекпе-жек спортындағы ең беделді бапкерлердің бірі, КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ Сабыржан Махметов өмірден өтті. Бұл туралы журналист Қанат Ескендір әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады salemnews.kz ақпарат агенттігі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

    Сабыржан Ғалымжанұлы Махметов – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жекпе-жек спортын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Ол сондай-ақ Жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы және жетекшісі ретінде кеңінен танылды.

    Өз өмірін спортпен байланыстырған бапкер бұл саланың ауыр да жауапты екенін жиі атап өтетін.

    «Менің саналы ғұмырымның барлығы кәсіби спорт әлемімен байланысты. Бұл салада екі ғана жол бар: жеңімпаз болу немесе жеңілу. Мұнда өтірікке де, жасандылыққа да орын жоқ. Спортта да, өмірде де талай сыннан өттім. Төзім мен сабыр үнемі сыналады. Тек өз күшіне сенетін, жауапкершілікті мойнына алатын адам ғана шыңға шыға алады. Ең бастысы — туған елге адалдық», — деп жазған еді ол.

    Сабыржан Махметов өз жетістіктеріне жетуде әке тәрбиесінің маңызы зор болғанын да жиі айтатын.

    «Әкемнің ақылы эмоцияны тежеп, мақсатқа шоғырлануға көмектесті. Ата-анам үнемі «кейін өзіңе де, бізге де ұят болмайтындай өмір сүр» деп үйретті. Әр адам арқылы халық пен ел бағаланады. Туған жерге деген махаббатты жүрегімде өмір бойы алып өтемін», — деген болатын марқұм.

    Сабыржан Махметовтің қазасы –Қазақстан спорты үшін ауыр қайғы. Оның есімі мен еңбегі қазақ кикбоксингі тарихында мәңгі сақталады.

    Previous ArticleСоңғы қазақстандық биатлоншы 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы жарысын аяқтады
    Next Article Қарағандыда жедел жәрдем көлігі Hyundai автокөлігімен соқтығысты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.