Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ұлына Кенесары есімін қойған отбасыларға 400 мың теңгеден беріледі
    Жаңалықтар

    Ұлына Кенесары есімін қойған отбасыларға 400 мың теңгеден беріледі

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова14.02.202622 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай бұл туралы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Оның айтуынша, өзі жетекшілік ететін компания наурыз айында сәби сүйіп, ұлына Кенесары есімін қойған алғашқы 10 отбасына 400 мың теңге көлемінде қаржылай сый беруді жоспарлап отыр.

    “Алда наурыз айы, Ұлыстың ұлы күні де жақындап келеді. Осыған орай компаниямыз шара ұйымдастырмақшымыз. Ұлына Кенесары деп ат қойған алғашқы он отбасыға 400 мың теңге көлемінде жөргекпұл беру ойда бар.

    Шарт бойынша, сәбилер наурыз айында дүниеге келуі тиіс. Қатысу үшін ата-аналар көрсетілген нөмірге баланың туу туралы куәлігін жолдауы қажет. Ықылас білдірушілер көп болуы мүмкін, сондықтан сыйақыны тек алғашқы он адамға табыстаймыз.

    Бұл — мақтан үшін жасалып жатқан дүние емес. Дұрыс түсінбей, “ақшасы тасып жатыр ма?” деп ойлайтындар да болуы мүмкін. Алайда біздің ниет – елге титтей болса да пайдамызды тигізу. Еліме, жеріме қасықтай болса да үлесім қосылса, сол — менің арманымның орындалғаны”, — деді Нұрсейіт Жылқышыбай.

    Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Кенесары есімі қазақ үшін ерекше маңызға ие. Себебі бұл атау азаттық үшін күрескен тарихи тұлға – Кенесары Қасымұлының есімімен сабақтас. Бастама арқылы батыр баба есімін ұлықтап, ұлттық рухты көтеру көзделіп отыр.

    Еске салайық, бұған дейін де осыған ұқсас акция өткен. Нұрсейіт Жылқышыбайдың бастамасымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұлына Құнанбай есімін берген 10 ата-анаға 300 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін сыйақы табысталған еді.

    Previous ArticleҚазақстан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
    Next Article Ризабек Айтмұқан Бішкекте өткен турнирде чемпион атанды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.