Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Президент «ҚазМұнайГаз» төрағасының есебін тыңдады
    Жаңалықтар

    Президент «ҚазМұнайГаз» төрағасының есебін тыңдады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова13.02.202632 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның 2025 жылы атқарған жұмысы мен биылғы міндеттері жөнінде мәлімет берілді.

    Асхат Хасеновтің айтуынша, былтыр Қытайдың CNOOC және Sinopec компанияларымен Атырау облысындағы Жылыой және Батыс Қазақстан облысындағы Березовский жобалары бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшарттары жасалды. Turkish Petroleum Corporation, BP, Хорват көмірсутегі агенттігі секілді ірі халықаралық кәсіпорындар еліміздегі перспективті учаскелерді зерттеуде.

    Президентке «ҚазМұнайГаз» компаниясы бұған дейін кең көлемде зерттелмеген және жіті көңіл бөлінбеген аумақтарда геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойғаны жөнінде баяндалды. 2025 жылы 8 іздеу ұңғымасын бұрғылау аяқталды, ал 2029 жылға дейін тағы 24 іздеу ұңғымасын бұрғылау жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі 900 миллион доллардан асады.

    Мемлекет басшысына ұсынылған есепке сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай мен конденсат өндіру көлемі 26,2 миллион тоннаға жетті. Бұл – 2024 жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Бұдан бөлек, көгілдір отын өндіру көлемін жылына қосымша 2,3 миллиард текше метрге ұлғайту үшін Батыс Прорва, Орталық Өріктау және Рожков кен орындарында жұмыс жүргізіліп жатыр.

    Былтыр «ҚазМұнайГаздың» үш мұнай өңдеу зауытында 17,5 миллион тонна шикізат өңделді. Жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 13,6 миллион тоннаны құрады (2024 жылғы көрсеткіштен 1,2 миллион тоннаға артық).

    Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ химиясы мен газ өңдеу саласындағы жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысымен танысты. Маңғыстау облысында қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын «Кендірлі» теңіз суын тұшыту зауыты пайдалануға берілді.

    Кездесу соңында Мемлекет басшысы геологиялық барлау жұмыстарын жандандыруға және ірі инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыруға қатысты міндет жүктеді.

    Previous ArticleСолтүстік Қазақстанда тұрғын үйден зейнеткердің мәйіті табылды
    Next Article Қазақстан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.