Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда шекарадағы бақылаудың шалт күшейтілуіне не себеп
    Жаңалықтар

    Қазақстанда шекарадағы бақылаудың шалт күшейтілуіне не себеп

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова09.02.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: freepik

    2026 жылғы 9 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның шекарасында бақылау шаралары неге күшейтілгенін түсіндіріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Ведомствоның мәліметінше, Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді.

    «Осы инфекция бойынша қолайсыз жағдай белең алған елдерден келетін азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді, соның ішінде Үндістан да бар. Мұндай елдердің тізімі үнемі жаңартылып отырады».
    ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    Сондай-ақ, халықаралық әуежайларда Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қою бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығулар өткізіліп жатқаны да нақтыланады.

    Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдар жоғары дайындық режиміне көшкенін, дәрі-дәрмектер, жеке қорғаныс құралдары мен дезинфекциялық препараттар қоры қамтамасыз етіліп жатқанын да жеткізді.

    Previous ArticleҰлттық ұлан сарбазы Мұқағалидың 50-ден астам өлеңін жатқа біледі
    Next Article Алматыдағы мектепте 6 оқушы уланып қалды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Оңтүстік өңірдің тұрғындары жер сілкінісін сезді

    03.04.2026

    Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың деректері ашық жарияланған

    03.04.2026

    Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді

    03.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.