Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ұлттық ұлан сарбазы Мұқағалидың 50-ден астам өлеңін жатқа біледі
    Жаңалықтар

    Ұлттық ұлан сарбазы Мұқағалидың 50-ден астам өлеңін жатқа біледі

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова09.02.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Мұқағали Мақатаевтың туған күні қарсаңында Қарағанды қаласындағы 6505 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаздар рухани мұраны ұлықтауды ұмыт қалдырған жоқ. Өз отанына қызмет етіп жүрген жас сарбаздардың арасында Мұқағали шығармашылығына жастайынан құмар болып өскен жігіттер бар. Солардың бірі – қатардағы Әбдуәлі Мұхамедәлі. Бала күнінен әдебиетке әуес болған Әбдуәлі мектеп кезінен бастап Мұқағалидың өлеңдерін жаттап өскен.

    Бүгінде ол ақынның 50-ге жуық өлеңін жатқа біледі.

    – Мұқағалидың жырлары менің жүрегіме жақын. Әскери борышымды атқарып жүрген кезімде де, бос уақытымда өлеңдерін қайталап, ойымды жинақтап, рухани күш аламын, – дейді ұландық сарбаз.

    Әбдуәлі Мұхамедәлінің поэзияға қызығушылығы тек Мұқағалимен шектелмейді: ол қазақ әдебиетінің өзге де көрнекті ақын-жазушыларының өлеңдерін жатқа біледі және әскери бөлімдегі мәдени іс-шараларға белсенді түрде қатысып, өз қоңыр даусымен шаралардың көркін арттырады.

    Өнер жолындағы талпынысы оны түрлі байқауларға жетеледі. Әбдуәлі бірнеше көркемсөз оқу жарыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Соның ішінде 2017 жылы Ақтөбе қаласында өткен республикалық көркем оқу байқауында ІІ орынды иеленуі – оның шығармашылық жолындағы елеулі жетістіктерінің бірі.

    Айта кетерлік биыл ақиық ақынның 95 жылдығы атап өтіледі.

    Қазір Әбдуәлі Мұхамедәлі тек әскери борышын орындап қана қоймай, руханиятқа да үлес қосып, қос әріптестерімен бірге ұлттық поэзияны дәріптеуде.

    Previous ArticleЖұмыстан қажыған Amazon компаниясының басшысы фермаға көшіп кеткен
    Next Article Қазақстанда шекарадағы бақылаудың шалт күшейтілуіне не себеп
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Оңтүстік өңірдің тұрғындары жер сілкінісін сезді

    03.04.2026

    Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың деректері ашық жарияланған

    03.04.2026

    Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді

    03.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.