фото: gov.kg
Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу бекеттерінің жұмысына қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.
Ресми мәлімдемеге сәйкес:
«Қытайда мемлекеттік мерекенің атап өтілуіне байланысты 2026 жылғы 16-18 ақпан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері адамдардың, көліктің және жүктің өтуі үшін уақытша жабылады».
Ал теміржол өткізу бекеттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Сондай-ақ тасымалдаушылар мен шекарадан өтуді жоспарлаған барлық азаматтарға енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарын алдын ала жоспарлау ұсынылды.
