Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Елордалық оқушы жаңа технологиялық жоба ойлап тапты
    Жаңалықтар

    Елордалық оқушы жаңа технологиялық жоба ойлап тапты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова30.01.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: Астана әкімдігі

    Астана қаласындағы №49 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушысы Әділхан Рүстемұлы білім беру ұйымдарында оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жаңа технологиялық жоба ойлап тапты. Жас өнертапқыш мектеп дәретханаларына орнатуға болатын арнайы жасанды интеллектке негізделген камера жүйесін таныстырды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Елорда әкімдігінің мәліметінше, жобаның басты мақсаты – оқушылар арасындағы төбелес, әлімжеттік сияқты жағымсыз әрекеттерді дер кезінде анықтап, мектеп әкімшілігіне жедел хабарлау. Әділханның айтуынша, жүйе үнемі бейнежазба жасамайды. Камера тек күмәнді әрекет белгілері байқалған сәтте ғана автоматты түрде іске қосылады. Сол мезетте түсірілген ақпарат мектептің жауапты қызметкерлеріне бірден жіберіледі.

    Өнертапқыштың жобасындағы ең маңызды тұстардың бірі – оқушылардың жеке өміріне қол сұқпау мәселесі. Ұсынылған камера адамдардың бейнесін нақты күйінде емес, арнайы өңдеу арқылы бейнені жалпыланған, тануға келмейтін пішінде көрсетеді. Яғни жүйе тұлғаны анықтауға немесе адамның дене бітімін айқындауға мүмкіндік бермейді.

    Сонымен қатар, құрылғы адам денесінің әдеп нормаларына қайшы келетін тұстарын түсірмейтіндей етіп бағдарламаланған. Бұл – балалардың ар-намысы мен жеке кеңістігін сақтауға бағытталған маңызды шешімдердің бірі.

    Жас өнертапқыштың жобасы бүгінде талқылау кезеңінде. Болашақта бұл бастама білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі заманауи бақылау жүйесін қалыптастыруға үлес қосуы мүмкін.

    Previous ArticleКешкі уақытта еңбек ету жүрек ауруларының қаупін арттырады
    Next Article Тұрсынбек Қабатов елге тілек арнады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді

    14.08.2026

    Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды

    14.08.2026

    Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

    14.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.