Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қаңтардағы ҰБТ: Алғашқы аптаның қорытындысы бойынша 90-нан астам ереже бұзу жағдайы тіркелді
    Жаңалықтар

    Қаңтардағы ҰБТ: Алғашқы аптаның қорытындысы бойынша 90-нан астам ереже бұзу жағдайы тіркелді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова19.01.202681 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: pixabay.com

    Ғылым және жоғары білім министрлігі қаңтар айындағы ҰБТ-ның аралық қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Министрліктің мәліметінше, 10 қаңтарда басталған ҰБТ-ны бүгінгі күнге дейін 36 мыңнан астам адам өткен. Талапкерлердің 64 пайызы тестілеуді қазақ тілінде, 36 пайызы орыс тілінде және 52 адам ағылшын тілінде тапсырған.

    Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 60,3 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 57 балл болған. Ең жоғары нәтиже – 131 балл.

    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 156 талапкер қатысқан.

    Бірінші аптада 94 ереже бұзушылық анықталған. 56 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілген. Тағы 38 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылған. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталмаған.

    Министрлік 2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізілетінін еске салды. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

    Айта кетелік, биыл қаңтардағы тестілеуге қатысуға 187 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады.

    Previous Article«Бәрін соттаймыз ба?»: Ләйлә Сұлтанқызы ашуға мінді
    Next Article Жамбылда қызылордалық 22 бала жаппай уланды: басқарма ақпаратты жоққа шығарды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді

    14.08.2026

    Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды

    14.08.2026

    Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

    14.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.