Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте 35 млн теңгеден астам соманың контрафактілік өнімі анықталды
    Жаңалықтар

    Шымкентте 35 млн теңгеден астам соманың контрафактілік өнімі анықталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова19.01.202631 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Шымкентте контрафактілік өнімдер саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өскен. 

    Қалалық әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекованың айтуынша, 2025 жылы Шымкентте тауар таңбаларын заңсыз пайдалануға қатысты құқық иелерінің арыздары негізінде тексеру жүргізіліп, 50 әкімшілік іс қозғалған. Сот шешімімен кінәлі тұлғаларға 5 млн 600 мың теңгеден аса көлемде айыппұл салынды.

    — Өткен жылы қалада заңсыз айналымнан жалпы құны 35 943 862 теңге көлеміндегі 58 062 дана контрафактілік өнім алынып тасталды. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда едәуір артқан. Жалған тауарлардың басым бөлігі тұрмыстық химия мен тағам өнімдері санатына жатады. Осыған байланысты тұтынушыларды күнделікті қолданатын тауарларды сатып алу кезінде аса мұқият болуға шақырамыз, — деді ол.

    Оның сөзінше, биылғы өзгерістер аясында кәсіпкерлерді қолдау мақсатында тауар белгісін тіркеу тәртібі жеңілдетілген. Бұрын 7 айға дейін созылатын тіркеу мерзімі енді ақылы жедел қызмет арқылы 4 айға дейін қысқартылды. Ал тауар белгісіне қатысты шағым беру уақыты 1 айдан 2 айға ұзартылды

    Шымкент
    Previous ArticleЖасанды интеллект қолданушыларының назарына: Жаңа заң күшіне енді
    Next Article «Бәрін соттаймыз ба?»: Ләйлә Сұлтанқызы ашуға мінді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді

    14.08.2026

    Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды

    14.08.2026

    Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

    14.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.