Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Тағы бір әйелге қол жүгірткен»: Екібастұзда келіншек ер адамды пышақтап өлтірді
    Жаңалықтар

    «Тағы бір әйелге қол жүгірткен»: Екібастұзда келіншек ер адамды пышақтап өлтірді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова10.01.202631 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Екібастұз қаласында тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталып, тағы бір әйел пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттілігі.

    Оқиға 9 қаңтар күні көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада баспалдақпен қансырап түсе қашқан әйел мен оның артынан қуып жетіп, пышақ ала жүгірген күдіктінің әрекеті айқын көрінеді. Кадрлардан шабуылдаушының жәбірленушіні аяусыз соққылап жатқан сәттері анық байқалады. Қан жоса көріністер көпшіліктің жағасын ұстатты.

    Павлодар облыстық полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, жанжал әуелі пәтер ішінде басталған. Сол жерден пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның мәйіті табылған.

    Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері тұрмыстық жанжал кезінде пәтерде тағы бір ер адамның денесін тапты. Оқиға болжам бойынша үй адамдарының алкогольдік мас күйінде басталған.  Анықталған азаматқа бірнеше рет пышақ сұғылған.

    «Ол алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар тағы бір әйел пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді», – деп мәлімдеді департамент өкілдері.

    Ауыр жарақаттармен ауруханаға түскен әйелдің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. 

    Қанды оқиғаға қатысы бар деген күдікпен әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда «Адам өлтіру» және «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

    Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себеп-салдарын анықтауда.

    Previous ArticleЖылдың үздік депутаты Жетісу өңіріне жұмыс сапарымен барды
    Next Article Екінші деңгейлі банктердегі кредиттердің кешіретіні рас па?
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Оңтүстік өңірдің тұрғындары жер сілкінісін сезді

    03.04.2026

    Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың деректері ашық жарияланған

    03.04.2026

    Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді

    03.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.