Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Google жасанды интеллектінің Gemini моделін қазақ тілінде іске қосты
    Жаңалықтар

    Google жасанды интеллектінің Gemini моделін қазақ тілінде іске қосты

    SalemnewsSalemnews19.12.202542 Mins Read
    Фото: movilzona.es
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Тәуелсіздік күніне орай Google жасанды интеллектінің Gemini моделін қазақ тілінде іске қосқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Salemnews ақпарат агенттігі.

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бұл ең озық саналатын Жасанды интеллект моделінің тілдік қолдауын кеңейтуге бағытталған жаһандық бастаманың бір бөлігі. Қазақ тілі Gemini 3 буынын іске қосу аясында қосылған 23 жаңа тілдің қатарына енді. Бұл Қазақстандағы пайдаланушыларға Gemini мүмкіндіктерін әлемдегі ең ірі тілдермен тең дәрежеде, өз ана тілінде қолдануға мүмкіндік береді.

    “Gemini-дің қазақ тіліндегі интерфейсі қазір веб-нұсқада қолжетімді. Ол үшін пайдаланушылар Google аккаунтының баптауларында қазақ тілін таңдауы қажет. Алдағы уақытта Android және iOS жүйелеріне арналған нұсқаларды қолдау, Gemini Live сервисін іске қосу жоспарланып отыр”, – делінген министрлік хабарламасында. 

    Gemini-дің қазақ тіліндегі нұсқасының іске қосылуы Google компаниясының Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған кең ауқымды жұмысының бір бөлігі. Бұл жұмыс кадрларды даярлауға инвестиция салуды, цифрлық дағдыларды дамытуды және әзірлеушілерді қолдауды қамтиды. Компанияның бағалауынша, жасанды интеллектіні мемлекеттік секторға енгізу экономикалық жағынан да тиімді. Себебі ол мемлекеттік басқару өнімділігінің артуы және бюджет жүйесінде тұрақтылықтың күшеюіне септігін тигізеді. Сондай-ақ елдің экономикалық өсіміне қосымша үлес қосады.

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, жаһандық жасанды интеллект шешімдерінің қазақ тілінде қолжетімді болуы мемлекетті дамытудың маңызды бағыты. Бұл қадам азаматтар үшін заманауи технологиялардың қолжетімділігін арттырып, елде бәсекеге қабілетті ЖИ-экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Министрлік жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық өнімдерді локализациялау және жаңа буын мамандарын даярлау бағытында халықаралық технологиялық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі жалғастырады.

    Google Қазақ тілі
    Previous ArticleКөлік министрлігі қысқы әуе рейстерінің жиі кешігуіне байланысты пікір білдірді
    Next Article CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.