Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылорда қаласының үздік аулалары марапатталды
    Жаңалықтар

    Қызылорда қаласының үздік аулалары марапатталды

    SalemnewsSalemnews19.10.2025142 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    «Қала күні» мерекесі аясында өткен «Бақ-ырыстың арнасы – Қызылордам!» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде дәстүрлі «Үздік аула» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

    Шаһарды жасыл-желекке айналдыру бағытындағы жұмыстарға өз үлестерін аянбай қосып келе жатқан қала тұрғындарын ынталандыруды мақсат еткен бұл байқау 2018 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.

    Аталған байқаудың жеңімпаздарына қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев қала әкімінің дипломын және қаржылай сыйақыларын табыстады.

    Биыл сегізінші мәрте өткізілген «Үздік аула» байқауына қатысуға оннан аса аула өтінім білдірді. Байқау үздіктерінің ішінен З. Шүкіров көшесі, №100Г үйдің тұрғыны Сәлима Көптілеуқызының ауласы комиссия шешімімен басым дауысқа ие болып, жеңімпаз атанып, 200 мың теңге қаржылай сертификатқа ие болды. ІІ орынды (150 мың теңге қаржылай сертификаты) Қорқыт ата көшесі, № 239 үй тұрғыны Зайнап Бакирқызы иемденсе, ал ІІІ орын (100 мың теңге қаржылай сертификаты) – Әйтеке би көшесі, №27 үй тұрғыны Валентина Алексеевнаға бұйырды.

    «Бірлігі жарасқан аула» номинациясымен Байсеитова көшесі, №100 тұрғын үй тұрғыны Светлана Анатольевна, «Еңбекқор бағбан» номинациясымен «Шұғыла» мөлтек ауданы, № 27 тұрғын үй тұрғыны Күлзираш Әлібекқызы және «Әсем аула» номинациясымен «Шұғыла» мөлтек ауданы, №30 тұрғын үй тұрғыны Гүлсім Мәлікқызы марапатталды. Марапат иелеріне 70 мың теңге қаржылай сертификаттары табысталды.

    Шарада Қызылорда қаласының тазалығын қамтамасыз етуде тынбай еңбек етіп жүрген тазалық қызметкерлері де марапатталып, қала әкімінің «Алғысы» мен 70 мың теңге қаржылай сертификаттары табысталды.

    Айта кету керек, жеңімпаз атанған тұрғын үй ауласына «Үздік аула — 2025» тақтайшасы орнатылды.

    Көпқабатты тұрғын үй ауласын өз еңбектерімен жасыл-желекке айналдырып, сүйікті қаламыздың көгалдануына белсенді үлесін қосып жүрген барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

    Қызылорда Үздік аула
    Previous ArticleҚазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен кім?
    Next Article Астанада Республика күніне орай дөңгелек үстел өтті
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.