Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылордада 1500 орындық «Келешек мектебі» ашылды
    Жаңалықтар

    Қызылордада 1500 орындық «Келешек мектебі» ашылды

    SalemnewsSalemnews25.11.202572 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласындағы СПМК-70 шағын ауданында 1500 орындық «Келешек мектебінің» ашылу рәсімі өтті. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары қатысты.

    «Президентіміз «Баланың бәрі бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты да – осы», деген болатын. Бәсекеге қабілетті, заманның жаңа шақыртуларына дайын, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу – мемлекет алдындағы стратегиялық маңызды мәселе.

    Аймақ басшысы қала тұрғындарын, ұстаздар мен оқушыларды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, жиналған жұртшылыққа ізгі тілегін айтты.

    Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен білім саласында ауқымды жобалар мен тың бастамалар жүзеге асуда. Аймағымыздың білім беру саласына соңғы үш жылда 812 млрд. 245 млн. теңге, биыл 346 млрд. 800 млн. теңге бөлінді. Өткен жылы 31 млрд. 800 млн. теңгеге 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды.

    Баршаңызды жаңа мектептің ашылуымен құттықтаймын! Бұл – жай ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын озат оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау. Жаңа мектеп әрбір оқушының асыл арманын оятатын, биік мақсатқа жетелейтін ізгі орын болсын! Санасы сергек, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті оқушыларымыздың қатары көбейсін!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

    Қызылорда облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 391 млн. теңгеге 10 жаңа мектеп салынды. 2023 жылдан бері 5 млрд. 700 млн. теңгеге 9 мектептің жанынан қосымша ғимарат бой көтерді. Бұл арқылы өңірдегі үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты. ​

    Салтанатты шарада білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаз қауымы мен «Келешек мектебін» сапалы етіп салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Абдуламитұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Мұрат Бақтиярұлы рәсімге қатысушыларды құттықтап, ізгі тілек білдірді.

    Келешек мектебі Қызылорда
    Previous ArticleІле-Алатау ұлттық паркінде өрт шықты
    Next Article Алматыда Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған поэзия кеші өтті
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Казахстанцы смогут получать больше медицинских услуг онлайн

    04.08.2026

    В Кыргызстане запретили кремацию тел

    04.08.2026

    Қазақстанда пәтерді сату салығы: мұраға немесе сыйға берілген баспанаға салық қашан төленеді?

    03.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.