Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Астанада Республика күніне орай дөңгелек үстел өтті
    Жаңалықтар

    Астанада Республика күніне орай дөңгелек үстел өтті

    SalemnewsSalemnews30.10.202591 Min Read
    Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Ұлттық музейінің Ғылыми кітапхана залында «Егемендік – ел болашағының бастауы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Республика күні мен Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған жиынды Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Геральдикалық зерттеулер орталығы ұйымдастырды.

    Іс-шараның мақсаты – егемендіктің тарихи мәні мен құқықтық негіздерін кеңінен насихаттау, ұлттық рәміздердің идеологиялық әрі рухани маңызын айқындау.

    Жиынға Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар және зиялы қауым өкілдері қатысты.

    Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Қатысушылар Тәуелсіздік тарихына тағылымды шолу жасап қана қоймай, егемендіктің мәнін бүгінгі күн тұрғысынан жан-жақты талдады.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков өз сөзінде мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихын баяндап, егемендік декларациясының қабылдануы ұлттық идеологияның рухани өзегіне айналғанын ерекше атап өтті.

    Іс-шара барысында Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталып, мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға ерекше үлес қосқан тұлғалар марапатталды.

    Ашық пікірталас кезінде қатысушылар егемендіктің бүгінгі ұрпақ санасындағы орны, ұлттық бірегейлікті нығайту тетіктері және Республика күнін жалпыұлттық деңгейде атап өтудің маңызы жөнінде ой бөлісті.

    Мәдениет және ақпарат министрлігі
    Previous ArticleҚызылорда қаласының үздік аулалары марапатталды
    Next Article Қысқа дайындық қатаң бақылауда
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.