Фото: freepik.com
Қаладағы бірқатар сауда нүктелеріндегі тәртіпсіз сауданы жою үшін әкімдік жанындағы топ рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.
Тексеруде «Қорқыт ата» сауда базарының аумағында заңсыз сауда қатарының артқанына байланысты кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Айта кету керек, жол бойында көше саудасына жол берілмейді. Мұндай орындар тауар сатуға арналмаған. Санитарлық тазалық сақталмайды, жаяу жүргіншілер мен көлікке кедергі жасайды.
Осыған байланысты жұмысшы топ жол бойында сауда жасайтын кәсіпкерлерге сауда-саттықты арнайы белгіленген жерлерде жүргізуі керек екендігін түсіндірді. Оларға қауіпсіз, заңды ортада жұмыс істеу қажеттігі ескертілді.
