Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Апатқа ұшыраған тікұшақ: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
    Жаңалықтар

    Апатқа ұшыраған тікұшақ: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

    SalemnewsSalemnews25.07.202561 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті.

    «Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды.

    Қосымша ақпарат оқиғаны анықтау барысы бойынша берілетін болады», – делінген ведомство хабарламасында.

    Оқиғаға қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі де түсініктеме беріп өтті.

    «25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі бар Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елді мекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалғаны туралы хабар түсті.

    Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ-нің күштері мен құралдары, соның ішінде «Қазавиақұтқарудың» 2 тікұшағы жұмылдырылды.

    Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық бірлік техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.

    Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

    жоғалып кетті Радар Тікұшақ
    Previous ArticleЖыл басынан бері мәдениет саласындағы байқауларда 1 500 студент жеңімпаз атанды
    Next Article Теннисші Александр Бублик ATP 250 турнирінің финалына шықты
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.