Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жыл басынан бері мәдениет саласындағы байқауларда 1 500 студент жеңімпаз атанды
    Жаңалықтар

    Жыл басынан бері мәдениет саласындағы байқауларда 1 500 студент жеңімпаз атанды

    SalemnewsSalemnews25.07.202523 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Жыл басынан бері мәдениет саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден бастап, колледждер мен жоғары оқу орындарына дейін айтарлықтай нәтижелер көрсетті, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдардың 30-дан астам білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге сәтті аккредитациядан өтті. 2025–2026 оқу жылына министрлікке қарасты жоғары оқу орындары мен колледждерге мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 1 647 грант бөлінді.

    Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы дайындық бағыттары бойынша жоғары оқу орындарының сұраныс рейтингісінде 1-орынды иеленді. Қазақ ұлттық өнер университетіне Күләш Байсейітова есімі берілді.

    Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің бас ғимаратының қайта жөндеу жұмыстары аяқталды. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы үшін жаңа жатақхана құрылысының жобасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырыла бастады. Сонымен қатар, инвестициялар есебінен үш жаңа мектеп-интернат салу мәселесі қарастырылуда. Қазіргі заман талаптарына сай жаңартылған мектеп-интернаттардың жобалық құжаттамаларын әзірлеу үшін техникалық тапсырмалар дайындалды.

    Алғашқы жартыжылдықта 80-нен астам шеберлік сабақ, 66 көрме, 8 халықаралық фестиваль өткізілді. Сонымен қатар 25-тен астам халықаралық ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасалды.

    Жоғары оқу орындар, колледждер мен мамандандырылған мектептерде білім алып жатқан 700-ден астам  бала республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты атанды. Олардың қатарында:

    • Т.Жүргенов атындағы академиясынан 175 студент;
    • К. Байсейітова атындағы Республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернатынан  275 оқушы;
    • К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінен 122 студент;
    • П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінен 15 студент бар.

    Биылғы жартыжылдықта ауқымды халықаралық және республикалық іс-шаралар ұйымдастырылды:

    • «Tyrki Duníesi» III Халықаралық студенттік театр фестивалі,
    • «ӨРЛЕУ» IX Халықаралық хореографиялық оқу орындары байқауы,
    • X EURASIA PIANO FORUM,
    • 46-Республикалық орындаушылар байқауы.

    Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы екі халықаралық фестиваль ұйымдастырды. Атап айтсақ, «ULY DALA ÚNI» I халықаралық вокалды-хор музыкасы фестивалі және «КӨНЕ АСПАПТАР ШЕРУІ» ежелгі музыкалық аспаптар фестивалі. Жүргенов атындағы өнер академиясы 8 елдің университеттерімен бірлескен «Playing Memories» халықаралық жобасына қатысуда.

    2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында білім алатын 1448 өнерпаз республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдерде жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде:

    • К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінен – 572  студент;
    • Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан – 127 студент;
    • Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан – 148 студент.

    Сонымен қатар  87 жас өнерпаз республикалық байқаулардың лауреаттары атанса, 36 бала халықаралық байқаулардың лауреаты атағын жеңіп алды.
    Олардың ішінде:

    • III Республикалық «Dialogue of cultures — 2025» аспаптық орындаушылар байқауы;
    • «Серпер» I Республикалық байқауы;
    • «Кантилена» Халықаралық аспаптық орындаушылар байқауы;
    • «Дарындылар галереясы» V Халықаралық шығармашылық интернет-байқауы;
    • «Fanny Mendelssohn International Competition» Халықаралық байқауы және т.б. бар

    Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет саласындағы білім мен ғылымды дамыту, академиялық стандарттарды сақтау және жастардың шығармашылығын қолдау бағытында жүйелі жұмыс жасауды жалғастырады.

    байқау мәдениет студент
    Previous ArticleЖас физиктер халықаралық олимпиадада 5 медаль жеңіп алды
    Next Article Апатқа ұшыраған тікұшақ: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.