Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылордада облыстық ассамблеяның ХХVII сессиясы өтті
    Жаңалықтар

    Қызылордада облыстық ассамблеяның ХХVII сессиясы өтті

    SalemnewsSalemnews10.07.202552 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбындағы ХХVІІ сессиясы өтті.

    Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қарақат Абден, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, саяси партия филиалдарының жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар мен облыстық Ассамблея құрылымдарының жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар қатысты.

    Аймақ басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өңірде қолға алынған жұмыстарға тоқталды.

    «Ассамблеяның 30 жылдығына «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының қолдауымен 3 млрд. 800 млн. теңгеге «Достық үйінің» жаңа ғимараты салынуда. Сәулетті ғимараттың іргетасын өздеріңізбен бірге 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қалаған болатынбыз. Нысан қараша айында ел игілігіне беріледі. Өздеріңізге белгілі, өткен 2024 жылды өңірімізде «Руханият жылы» деп жариялап, мәдени-көпшілік шаралармен бірге көптеген ауқымды жобаны жүзеге асырдық. Барлық 7 ауданда ішінде қоғамдық келісім кабинеттері, неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият орталықтары» салынды.  Бір мұрат, бір мүдде жолында тынымсыз еңбек ету – баршамыздың азаматтық міндетіміз. Достықты ту еткен, жасампаздық пен өрлеу жолындағы айшықты істеріміз көпке үлгі бола бергей! Бірлігіміз бекем, тірлігіміз толымды болсын!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

    Сессияда этносаралық келісімді одан әрі нығайтудағы жұмыс бағыты айқындалды. Аймақ басшысы өңірдегі этносаралық жұмыс жоспарын жан-жақты талдап, оның тиімділігін арттыру мақсатында нақты ұсыныстар әзірлеуді және кеңес отырыстарын жүйелі түрде өткізуді тапсырды. Сонымен бірге, жаңадан бой көтеретін «Достық үйін» туристік бағыттарға қосып, оны бірлік пен ынтымақты насихаттайтын заманауи мәдени-идеологиялық орталыққа айналдыру міндеті қойылды.

    Жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Дильфура Байрахтарова, «DaRALAce» шығармашылық үйінің негізін қалаушы, «Шапағат» медалінің иегері Светлана Цой, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының мүшесі Айнұр Тұңғышбаева пікір білдірді.

    Ассамблеяның 30 жылдығы аясында бірқатар азамат Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік медалімен, ҚР Президенті Әкімшілігі Ассамблея хатшылығының Алғыс хатымен, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.

    Ассамблея Қызылорда
    Previous ArticleСу, балық шаруашылығы және ветеринария саласына көліктер берілді
    Next Article Comic Con Astana-2025: Фестивальда анимені қазақ тіліне дубляждау мәселесі талқыланды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.