Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік көрме – байқауы өтті
    Жаңалықтар

    «Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік көрме – байқауы өтті

    SalemnewsSalemnews04.07.202552 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласындағы «Өнер орталығында» «Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрме байқауы өтті. Сайысқа экономиканың түрлі саласынан 67 тауар өндіруші қатысып, сарапшылардың талқысына түскен. Бұл шара шаһардың экономикалық әлеуетін көтеруге бағытталған ауқымды бастаманың қатарына енді.

    Көрменің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, кәсіпкерлер қатысты. Сынға түскен кәсіпкерлер сарапшылардың бағалауы бойынша іріктеліп, 9 жеңімпазға бағалы сыйлық табысталды.

    Құттықтау сөз алған аймақ басшысы өңірдің өңдеу өнеркәсібі саласындағы жұмыстарын жоғары бағалады.

    «Соңғы жылдары Қызылорда облысында өңдеу өнеркәсібі 18,2%-ға артып, өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 21%-дан асты. Жылына 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылуда. Бүгінде 65 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды. Мұнда 121 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
    Кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттардан бастап, жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік субсидиялар беру арқылы инвестициялық, қаржылық, инфрақұрылымдық қолдау көрсетілуде. Биыл жеке кәсіпкерлікті қолдаудың барлық көзінен 30 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылды.
    Мемлекет басшымыз экономиканың нақты секторын кедергісіз несиелендіру мақсатында бизнес субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру жүйесін енгізуді көздейтін заңнамалық актіге қол қойды. Бұл – кәсіпкерлерге үлкен қолдау! Енді бизнес өкілдерінің екінші деңгейдегі банктерге кепіл ұсыну мүмкіндігі болмаса, оған арнайы кепілдік қорының қаржыландыруы арқылы қол жеткізе алады.
    Баршаңызды алдағы уақытта да өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аянбай еңбек етуге, мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуға шақырамыз. Аймақтық конкурстың жеңімпаздары республикалық байқауда үздіктер қатарынан көрініп, Сыр өңірінің мерейін үстем етеді деп сенеміз!», – деді Н.Нәлібаев.

    «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша тыңайтқыш өндірісі саласындағы «Агрохимсервис», цемент өндірісіндегі «Компания Гежуба Шиелі Цемент» және шыны өнімдерін шығаратын «Орда Гласс ЛТД» серіктестіктері жеңімпаз атанды.

    «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша «Асыл дән LTD», «Таң LTD» күріш өндіруші серіктестіктері, «Әль Баракат ДистрИбьЮшн » жартылай фабрикат өндіруші серіктестігі марапатқа ие болды.

    «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясын «Панабек», «Сыр жиһазы KZ», «Арт-групп Сервис» серіктестіктері жеңіп алды.

    Салтанатты шарада Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетұлы, Мұрат Абдуламитұлы құттықтау сөз сөйлеп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Көрме-байқауы Қызылорда экономка
    Previous ArticleАстанадағы Әлем кубогі: Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді
    Next Article 51 ЖЫЛ ЕҢБЕК ЕТКЕН МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ШЫНАЙЫ ҚҰРМЕТ
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.