Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Спорт фестиваль – 2025»: Қызылордада ауқымды шара өтті
    Жаңалықтар

    «Спорт фестиваль – 2025»: Қызылордада ауқымды шара өтті

    SalemnewsSalemnews02.07.202581 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласында алғаш рет «Спорт фестиваль – 2025» атты ауқымды спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Шара облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бастамасымен шаһардағы демалыс паркінде өткен.

    Фестиваль аясында жас спортшылар дзюдо, таеквондо, каратэ, үстел теннисі, көркем гимнастика, футбол фристайлы сынды спорттың бірнеше түрінен өнер көрсетіп, өздерінің шеберліктерін паш етті. Шараның негізгі мақсаты  – жас буынның спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

    Іс-шараның ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы сөз сөйлеп, спорт фестивалінің маңыздылығына тоқталып, бұл шараның алдағы уақытта дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратынын жеткізді. Сонымен қатар, халықаралық және республикалық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген бірқатар спортшыларға басқарма басшысының Алғыс хаты табысталды.

    Іс-шара соңында көрермендер арасында арнайы сайыстар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Жиналған жұртшылық естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқады.

    Previous ArticleБоксшы Әнел Сақыш Әлем кубогінде жарыс жолынан шығып қалды
    Next Article Оралда инвесторға 33 млн теңге заңсыз айыппұл салынған
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.