Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»СҚО-да құны 29,8 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
    Жаңалықтар

    СҚО-да құны 29,8 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

    SalemnewsSalemnews17.07.202541 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Солтүстік Қазақстан облысында кадастрлық құны 29,8 млрд теңге болатын 36 пайдаланылмай жатқан жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Бас прокуратураның мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері қадағалаушы орган мақсатына сай пайдаланылмаған жалпы ауданы 146 мың гектардан асатын 75 жер учаскесін анықтаған.

    «Ақжар, Есіл, Ғабит Мүсірепов, Тимирязев және Уәлиханов аудандарында жер пайдаланушылар Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 45 жер учаскесін ұзақ уақыт бойы мақсатқа сай пайдаланбаған», – делінген прокуратура хабарламасында.

    Петропавл қаласында кәсіпкерлік субъектісі Жер кодексінің талаптарына қарамастан, үш жыл бойы коммерциялық мақсатта бөлінген 123 гектар жер учаскесін пайдаланбаған.

     «Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде жалпы ауданы 33,2 мың гектар, кадастрлық құны 29,8 млрд теңге болатын 36 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды», – деп мәлімдеді прокурорлар.

    Прокуратура өкілдері жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді адал ниетті жер пайдаланушыларға беру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

    Жер мемлекет меншігі СҚО
    Previous ArticleСемей тұрғыны біреудің 26 жылқысын иемденіп, сатып жіберген
    Next Article Прокурор Сәкен Мамашқа 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.