Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Екі адам жарақаттанды»: Алматыда газ құбыры жарылды
    Жаңалықтар

    «Екі адам жарақаттанды»: Алматыда газ құбыры жарылды

    SalemnewsSalemnews17.07.202541 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: aimaq.kz

    QazaqGaz Aimaq компаниясы Алматыда 16 шілдеде жаңадан салынған жер асты газ құбырын сынақтан өткізу (опрессовка) барысында болған жарылыс кезінде екі адамның зардап шеккенін хабарлады, деп жазады Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    «Автокөліктердің біріндегі жүргізуші мен жолаушы жарақат алды – оларға медициналық көмек көрсетілді. Газ қызметі мамандарының жедел әрекетінің арқасында тұрғындарға газ жеткізу тоқтатылған жоқ. Қаза тапқандар жоқ», – делінген ресми мәлімдемеде.

    Компанияның мәліметінше, газ тарату жүйесінде газдың ағып кетуі анықталмаған. Қазіргі таңда мамандар зақымданған құбыр бөлігін ашып, техникалық тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    «Оқиға орнында жергілікті газ қызметінің мамандары кезекшілікке қойылды. Бұл – жағдайды нақты бағалап, тұрғындар үшін газбен қамтуда қауіптің алдын алу үшін жасалды», – деп толықтырды QazaqGaz Aimaq.

    Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа себеп – диаметрі 426 мм болатын түзу жікпен дәнекерленген құбырдағы жасырын өндірістік ақау, яғни зауыттық жіктің бүтін болмауы болуы мүмкін.

    QazaqGaz Aimaq АҚ-ның Алматы өндірістік филиалының директоры Ақылбай Сапаровтың айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары қысқа мерзімде аяқталады.

    «Келтірілген шығынды өтеуді мердігер ұйым өз мойнына алады», – деді ол.

    Алматы Газ құбыры Жарылыс
    Previous Article«Жайық» волейбол клубы Орталық Азия чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды
    Next Article Президент тағы бір заңға қол қойды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.