Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Comic Con Astana-2025: Фестивальда анимені қазақ тіліне дубляждау мәселесі талқыланды
    Жаңалықтар

    Comic Con Astana-2025: Фестивальда анимені қазақ тіліне дубляждау мәселесі талқыланды

    SalemnewsSalemnews10.07.202542 Mins Read
    Фото: ССА
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Comic Con Astana-2025 фестивалінде анимені қазақ тіліне дубляждау мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Гик-мәдениет фестивалі аясында «Аниме дубляжы: қазақша даббинг» атты шеберлік сабағы өтті. Іс-шараны Anidybys дубляж студиясы блогер DickThor-пен бірлесіп ұйымдастырды.

    Іс-шара қазақ тілінде өтті және дубляжға, аниме локализациясына қызығатын жастарды, шығармашылық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттерді, сондай-ақ болашақ дубляж актерлерін жинады.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, шеберлік сағатына жоғары қызығушылық қазақтілді дубляжға деген сұраныстың артқанын және бұл бағыттың жастар арасында өзекті екенін көрсетті. Қатысушылар кәсіби кеңестер тыңдап қана қоймай, дубляж актері рөлін өздері сынап көру мүмкіндігіне ие болды.

    Шеберлік сабағы аясында сөз сөйлеген Anidybys студиясының негізін қалаушы, киноның дыбыс режиссері, дубляж режиссері және актері Диас Балаби дубляж жасау үдерісі, кадр сыртындағы және синхронды дыбыстау айырмашылықтары, сондай-ақ анимені қазақ тіліне бейімдеу ерекшеліктері туралы жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, қатысушыларға тәжірибелік сабақ өткізді.

    «Біз анимені жай ғана дубляждамаймыз, біз қазақ тілді медиамазмұнды жасаймыз. Қазақ тілі заманауи, жастарға жақын контексте естілуі тиіс. Аниме – осы бағыттағы тамаша мүмкіндік. Мұнда ынталы, талантты жастардың көп болғанына қуаныштымын», – деді Диас Балаби.

    Comic Con Astana–2025 13 шілдеге дейін Қазақстан астанасында жалғасады.

    Бағдарламадағы дәстүрлі элементтердің бірі –  жалпы жүлде қоры 15 миллион теңгені құрайтын халықаралық косплей байқауы. Қазылар алқасының құрамында: Яя Хан (АҚШ), Cinderys (Франция), RanHime (Қырғызстан), FrauHaku (Ресей), Ainaven Elf! (Қазақстан), Danik (Қазақстан), MiddayofSiberia (Ресей) және басқалар бар.

    Фестивальдің басты хедлайнерлері – голливудтық актерлер Энди Серкис, Эсай Моралес және Скотт Эдкинс. Арнайы шақырылған қонақтардың қатарында  Marmok, Qewbite, Антон Милс, Johan, EugeneSagaz, Настя Джексон және Metal Family бар.

    Comic Con Astana-2025 Астана әкімдігі мен «AstanaTourism» Туризмді дамыту орталығының қолдауымен ұйымдастырылуда.

    Comic Con Astana-2025 дубляж
    Previous ArticleҚызылордада облыстық ассамблеяның ХХVII сессиясы өтті
    Next Article Елімізде білім гранттарына өтініш қабылдау басталады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.