Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Павлодарда бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған ер адам сотталды
    Жаңалықтар

    Павлодарда бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған ер адам сотталды

    Сымбат ОразбековаСымбат Оразбекова27.06.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Павлодарда бұрынғы әйелін өлтірмек болған ер адамға үкім шықты. Онымен бірге тағы екі адам тергеліп жатыр. Олардың бірі – ер адам әйелін өлтіру үшін жалдаған киллер, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Ольга Горкунова бұрынғы күйеуімен бірге 15 жыл тұрып, үш жыл бұрын ажырасып кеткен. Ажырасқаннан кейін мүлік бөлісі болған. Әйелдің айтуынша, ол пәтер мен үш баланы күйеуіне беруден бас тартып, тек көлікті алып кетуіне келісім берген.

    Былтыр жазда оған киллер шабуыл жасаған. Әйел мұндай жағдайдың болатынын алдын ала сезгенін де жасырмады.

    «Жай ғана мүлде бейтаныс адам мен таңертең жұмысқа бара жатқанда, артынымнан келіп, пышақпен ұра бастады. Ештеңе айтқан жоқ. Бірақ мен үшін бұл істің артында бұрынғы күйеуімнің тұрғаны анық еді. Өйткені бізде қорқыту, ұрып-соғу және оның адамға лайықсыз қарым-қатынас жасағаны бойынша соттар болды», – дейді жәбірленуші.

    Киллер әйелдің мойны мен кеудесіне пышақ жарақатын салған. Ол үш жарым литр қан жоғалтқан, десе де аман қалды. Нәтижесінде полция әйелдің бұрынғы күйеуімен қоса тағы екі адамды ұстады.

    Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қозғалды. Іс төрт ай бойы сотта қаралып, 26 маусымда айыптау үкімі шықты.

    «Жәбірленуші ең қатаң жаза тағайындауды сұрады. Жазаға қатысты мынаны түсіндіре кетейін: айыпталушылар кісі өлтіруге оқталу бойынша айыпталғандықтан, жаза мерзімі ең жоғары жазаның төрттен үшінен аспауы тиіс. Сонымен қатар олардың кінәсін ауырлататын мән-жайлар болмағандықтан, сот 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Каирбеков.

    Әр сотталушының апелляциялық шағым беру құқығы бар. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сондай-ақ бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек, ортақ жауапкершілікпен әрқайсысы жәбірленушіге келтірген моральдық зиян үшін 8 миллион теңге мөлшерінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

    киллер Павлодар сот
    Previous ArticleБас прокуратурада есірткі бизнесінің жаһандық сын-қатерлерін талқылады
    Next Article Ауладағы мысыққа тамақ бермек болған әжей терезеден құлап көз жұмды
    Сымбат Оразбекова
    • Website

    Ұқсас жазбалар

    Ауладағы мысыққа тамақ бермек болған әжей терезеден құлап көз жұмды

    27.06.2025

    Бас прокуратурада есірткі бизнесінің жаһандық сын-қатерлерін талқылады

    26.06.2025

    Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

    26.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.