Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Бас прокуратурада есірткі бизнесінің жаһандық сын-қатерлерін талқылады
    Жаңалықтар

    Бас прокуратурада есірткі бизнесінің жаһандық сын-қатерлерін талқылады

    Сымбат ОразбековаСымбат Оразбекова26.06.202523 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Бас прокуратура баспасөз қызметі

    Бас прокуратурада «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орайластырылған Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

    Кеңес алаңында есірткінің заңсыз айналымына байланысты қазіргі заманғы сын-қатерлер қаралып, оларды ұлттық және халықаралық деңгейде бейтараптандыру бойынша бірлескен шаралар әзірленді.

    Отырысқа Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық серіктестер, соның ішінде БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, ЕҚЫҰ, ОАӨАҮО (Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы), CADAP, шет елдердің дипломатиялық миссиялары (Қазақстандағы АҚШ, Германия, Қытай, Сауд Аравия Корольдігі, Түркия мемлекеттерінің елшіліктері), сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Өз сөзінде Бас Прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде есірткі бизнесін ұйымдастырушылардың қылмыстық жауапкершілігін қатаңдатуға, есірткі арналарын анықтау және жолын кесу тетіктерін цифрландыруға, қаржы ағындарын жабуға және халықаралық өзара іс-қимылды кеңейтуге негізделген есірткіге қарсы жүйелі саясат іске асырылып жатқанын атап өтті.

    Есірткіні бақылау жөніндегі БҰҰ-ның барлық үш негізгі конвенциясын ратификациялаған Қазақстан БҰҰ-ның есірткі жөніндегі комиссиясының құрамына сайланған және 2029 жылға дейін Азия-Тынық мұхиты өңірінің атынан өкілдік етеді, бұл біздің елімізге елеулі жауапкершілікті жүктейді.

    Соңғы бес жылда заңсыз айналымнан алынған синтетикалық есірткінің көлемі 100 есеге — 13 кг-нан 1,5 тоннаға дейін ұлғайған.

    Тек ағымдағы жылдың басынан бастап 9 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде 3 трансұлттық топ жойылған. Есірткі жеткізудің 111 арнасы жабылған, оның 19-ы халықаралық.

    Құқық қорғау органдары барлығы 10 млрд теңгеден астам сомаға есірткі табысын бұғаттаған. 

    «Follow the money» қағидаты бойынша криптовалюталарды пайдалана отырып, жасалған қылмыстық схемалардың жолы кесілген, 2,4 млрд теңгеден астам сомаға 50 мыңнан астам дроп-шоттар бұғатталған.

    Резонанстық тергеулердің нақты мысалдары жария етілді.

    Маңғыстау облысында қылмыстық топ жойылған, олардың 2,3 млрд теңге сомасына қолма-қол ақшалары мен цифрлық активтері тәркіленген.

    Ұлытау облысында шетел азаматтары ұйымдастырған «Kaef-mafia» ірі есірткі алаңы анықталып, жойылған. 6 миллион АҚШ доллары көлеміндегі криптовалюта бұғатталып, үш адам ұсталған, төртеуіне іздеу жарияланған.

    Халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылған.

    Шымкент қаласында арнайы прокурорлар алғаш рет АҚШ Әділет министрлігінің есірткіге қарсы күрес басқармасымен (DEA) бірлесіп,«Карбон» есірткі маркетіне қатысты іс бойынша мемлекетаралық жедел-тергеу тобын құрған. Криптовалюта транзакциясын қоса алғанда, шетелдік шоттар анықталған.

    Нәтижесінде халықаралық қылмыстық схема ашылып, 70 млрд теңгеге 500 мың заңсыз транзакция анықталған, 500 млн теңге мүлікке тыйым тәркіленді. 24 қылмыскер ұсталып, 18-і қамауға алынды.

    Б. Асылов атап өткендей, цифрлық есірткі желісі Қазақстан үшін жаңа шындыққа айналған. Есірткі қылмыстарының барлығы дерлік интернет кеңістігінде жасалады және көбінесе шетелден ұйымдастырылады.

    Есірткі бизнесінің жаһандануы мемлекеттік органдардың, халықаралық серіктестердің және азаматтық қоғамның жаңа тәсілдері мен күш-жігерін шоғырландыруды талап етеді.

    Заңнамалық реформа басталған.

    Сондай-ақ, есірткі өндіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза күшейтілгені айтылды. Бір мезгілде есірткі тізбегінің ең төменгі буынына жататын «есірткі жасырып кетушілер» үшін жазалау шаралары жеңілдетілген.

    Бұл өзгерістер 3 800-ден астам сотталушыға әсер еткен: 328-і босатылып, 2 600-ден астамына жазалау мерзімі қысқартылған.

    Бас прокуратура Есірткі бизнесі
    Previous ArticleЖоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
    Next Article Павлодарда бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған ер адам сотталды
    Сымбат Оразбекова
    • Website

    Ұқсас жазбалар

    Ауладағы мысыққа тамақ бермек болған әжей терезеден құлап көз жұмды

    27.06.2025

    Павлодарда бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған ер адам сотталды

    27.06.2025

    Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

    26.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.