Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«35 рет пышақ сұққан»: Прокурор сотта Нұрай Серікбай ісінің жан түршігерлік мән-жайын айтты
    Жаңалықтар

    «35 рет пышақ сұққан»: Прокурор сотта Нұрай Серікбай ісінің жан түршігерлік мән-жайын айтты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова24.07.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Әлеуметтік желіден


    Шымкент сотында қоғамда резонанс тудырған марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс қарала бастады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі «Жетінші арнаға» сілтеме жасап.

    Телеарнаның мәліметінше, 23 шілдеде Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өтті. Алдыңғы сот отырысына сырқаттанып қалғанына байланысты қатыса алмаған айыпталушы кеше алғаш рет сот алдына келген.

    Алдын ала тыңдауда прокурор айыптау актісін оқыған. Мемлекеттік айыптаушының мәлімдеуінше, Шерхан Аймахан Нұрайды бірнеше ай бойы аңдып, тыныштық бермеген.

    Телеарна тілшісінің хабарлауынша, 3 эпизодтан тұратын айыптау актісінің әрбір беті жантүршілерлік дерекке толы.

    «Автотұраққа барып, автокөлік ішінде тұрған бір дана қара түсті пышақты қалтасына салып алған. Сол уақытта дүкенге шыққан жәбірленуші Серікбайды жолықтырып, саябаққа баруға ұсыныс жасаған. Алайда жәбірленуші Серікбай ұсыныстан бас тартып, үйіне қайтатынын айтқан. Сол себепті Аймаханда адам өлтіру ойы туындаған.

    Содан қылмыстық ойын жүзеге асыру үшін ыңғайлы уақытты күтіп, жәбірленуші Серікбайды Төлеметов көшесіндегі көпқабатты үйлердің ортасынан өтіп жатқан кезде күдікті Аймахан қалтасынан алдын ала дайындап әкелген пышағын шығарып, жәбірленуші Серікбайдың денесіне 5-6 рет пышақпен жарақат салған.

    Күдікті оқиғаны көрген куәні байқаған соң қашып кеткен. Бірақ қасақана ойын жүзеге асыру мақсатында куәнің көзінше Нұрай Серікбайдың жатқан жеріне келіп, оған жалпы 35 рет дене жарақатын салған», — деді прокурор Мадияр Әбілқасымов.

    Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, оның 9-ы – шаншылып енген жарақат болса, 24-і – шаншылып кесілген жарақаттар. Салдарынан көп қан жоғалтқан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.

    Сондай-ақ прокурор күдікті Шерхан Аймаханның марқұмды былтыр қазаннан бастап тоқтаусыз аңдығанын жеткізді.

    «Күдікті Аймахан сағат 10:50-ге дейін Серікбайды аңдыған. Бұл әрекеттер нәтиже бермегеннен кейін ол жерден кетіп қалған. Кейіннен күдікті жәбірленушіге 10 қазан сағат 19:26-дан 11 қазан сағат 18:41-ге дейін 70 рет қоңырау шалған. Бұдан кейін жәбірленуші Серікбай нөмерін ауыстырған. Күдікті Аймахан жәбірленушімен байланысқа шыға алмағаннан кейін, оны Алматыға оқуын жалғастыруға кетті деп ойлап, қайта Алматыға жәбірленушінің жалдамала үйіне барған», — деді ол.

    Сондай-ақ сотта айыпталушының Нұрайды қорқыту арқылы алып қашқаны да айтылған.

    Судья сот процесі онлайн режимде көрсетілмейді деп қаулы етті. Ол бұл шешімін куәлердің бір-бірінің жауабын білмеуі қажет екенімен байланыстырды. Сонымен қатар сот алқабилердің қатысуынсыз өтеді.

    «ҚК 125-1 бабының 1-бөлігінде, 115-1 бабында, 99-бап 2-бөлігі 5-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтармен айыпталып, сотқа берілген Шерхан Әлмаханұлы Аймаханға қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы алқабилердің қатысуынсыз 2026 жылғы 28 шілде сағат 10:00-ге Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданараладық сотына тағайындауға қаулы етеді», — деді судья Самидин Темірәлиев.

    Судья сот отырыстары аптасына 2 рет өтенін айтты. Ал келесі басты сот талқылаудында оқиға куәгерлері жауап береді.

    Previous ArticleШуда теміржолдан өтпек болған әйелді пойыз қағып кетті
    Next Article Қарағанды облысында қайғылы жағдай болды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.