Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»29 мамыр – БҰҰ-ның Халықаралық бітімгерлер күні
    Жаңалықтар

    29 мамыр – БҰҰ-ның Халықаралық бітімгерлер күні

    Бүгінде біздің 139 әскери қызметшіміз қарсы тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау жөнінде маңызды міндеттерді орындап жүр.
    SalemnewsSalemnews29.05.202502 Mins Read
    Фото: gov.kz
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    29 мамыр – қақтығыстарды реттеуге және барынша қауіпсіздікті қолдауға, бейбітшілікті құруға елеулі үлес қосатын БҰҰ-ның халықаралық бітімгерлер күні.

    Қазақстандық әскери қызметшілердің әлемдегі бейбітшілікті қолдауға қатысу тәжірибесі 2003 жылдың тамызында бірінші инженерлік-саперлік «Қазбат» жасағының құрылуынан бастау алады.

    Қазақстан үкіметінің БҰҰ-мен бітімгерлік желісі бойынша өзара іс-әрекеті 2014 жылы Қарулы күштердің алғашқы әскери қызметшісін Батыс Сахарадағы Ұйымның әскери бақылаушысы ретінде жіберген сәтінен басталды.    

    Осы кезден бастап қазақстандық бітімгерлер Ливан, Батыс Сахара және Кот-д’Ивуар сияқты әлемнің әртүрлі өңірлерінде қызмет етті. 2024 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Африка мен Таяу Шығыстағы миссиясына қосымша әскери қызметшілерді жіберді. Әсіресе Орталық Африка Республикасындағы, Малидегі және Конго Демократиялық Республикасындағы миссиялар күрделі болды.

    Қазақстан ТМД-да БҰҰ-ның Голан жоталарында қызмет етуге дербес мандат алған алғашқы және әзірге жалғыз ел болып табылады. Бүгінде біздің 139 әскери қызметшіміз қарсы тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау жөнінде маңызды міндеттерді орындап жүр.

    Ұйымның бітімгерлік контингентін өз бетінше орналастыру туралы шешімі нормативтік базаны дамыту және әскери қызметшілерді даярлауды жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмыстың логикалық нәтижесі болды. Бұл үдерісте бітімгерлерді құқықтық, гуманитарлық, тілдік және психологиялық даярлаумен қатар, жан-жақты оқытумен қамтамасыз ететін Алматы қаласында Бітімгерлік операциялар орталығын құру шешуші рөл атқарды.

    Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысуы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып қана қоймай, еліміздің жаһандық аренадағы рөлін арттыруға ықпал етеді. Бұл оған қоса қазақстандық әскери қызметшілерге құнды жауынгерлік тәжірибе жинақтауға, кәсіби даярлықты жетілдіруге және көпұлтты ортадағы іс-қимылдарға бейімделуге мүмкіндік береді.

    Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бітімгерлер күні – қаза тапқандарды еске алып, БҰҰ-ның әлемдегі бейбітшілікті сақтау жөніндегі бітімгерлік операцияларының құрамында қызмет еткен һәм қызмет етуді жалғастырып келе жатқан адамдарға құрмет көрсететін күн.

    Бітімгер
    Previous ArticleПавлодарлық колледж студенті Google компаниясынан арнайы шақырту алды
    Next Article Қазақстандық екі каратэші алғаш рет Grand Winner жүлдесін иеленді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.