Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандық екі каратэші алғаш рет Grand Winner жүлдесін иеленді
    Жаңалықтар

    Қазақстандық екі каратэші алғаш рет Grand Winner жүлдесін иеленді

    Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) мен Әсел Қанай (-61 кг) үздік спортшыға берілетін Grand Winner номинациясына ие болды
    SalemnewsSalemnews02.06.202581 Min Read
    Фото: turkystan.kz
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Марокко астанасы Рабатта каратэден (WKF) жылдың қорытындысы Премьер-лига санатындағы турнирі аяқталды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Биылғы 4 жарыстың нәтижесінде өз салмағындағы рейтингте көп ұпай жинаған отандасымыз Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) мен Әсел Қанай (-61 кг) үздік спортшыға берілетін Grand Winner номинациясына ие болды.

    Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық құраманың 2 спортшысы қатар мұндай марапатқа ие болмаған. Мөлдір Жаңбырбай былтыр тұңғыш болып 50 кг дейінгі салмақта Grand Winner атанған. Ол — осы сыйлықты 2 мәрте иеленген алғашқы каратэ шеберіміз.

    Мөлдір биыл Париж қаласында өткен алғашқы Премьер-лига бәсекесінде қола, Ханчжоуда күміс, Каирде алтын медаль жеңіп алған. Әсел Париж бен Каирде күміс, Ханчжоуда қола медаль олжалаған.

    Сонымен қатар биыл осы атақтан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева да үмітті болған. Алайда команда көшбасшысы Рабатта топтық кезеңнен шыға алмай, ұпай саны жағынан қарсыласын қуып жете алмады.

    Previous Article29 мамыр – БҰҰ-ның Халықаралық бітімгерлер күні
    Next Article Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.