Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«20 жылдан кейін екі жаққа кеттік»: Жанар Айжанова екінші жұбайымен не себепті ажырасқанын айтты
    Жаңалықтар

    «20 жылдан кейін екі жаққа кеттік»: Жанар Айжанова екінші жұбайымен не себепті ажырасқанын айтты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова29.06.202622 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Танымал әнші Жанар Айжанова «Момский әңгіме» подкастына сұхбат беріп, отбасы мен жеке өмірі жайлы айтты. Әнші тұңғышы Айжұлдыздан кейін сәби сүйгісі келгенін, бірақ балалы бола алмағанын жеткізді, деп хабарлайды salemnews.kz. 

    Әнші сондай-ақ екінші жолдасымен 20 жыл бірге тұрып ажырасқанын да мәлімдеді.

    «Ретке келсе ізін суытпай тұрмысқа шығып кеткен жақсы. Айжұлдыздың соңынан бір бала ерсе деп ойлағам. Бала ермеді. Жас кезіңде құрған тұрмыс бөлек. Сен онымен үйлесесің бе, үйлеспейсің бе, әйтеуір баладан кейін көбі үйлесіп кетіп жатады ғой. Менде қорқыныш болған жоқ. Мен тек ананы істеп тастайын, тағы бір гастрольге барып келейін, үйімді үлкейтіп алайын, Айжұлдызды кішкене орнына қойып алайын деген қу тірлікпен жүріп қалдым. Бірақ артынан шықтым ғой тұрмысқа. Бәрібір бермейтін Құдай бермейді екен. Айжұлдыздан кейін қыз болса да, ұл болса да туып алсам деп сонша дәмеленгенмін. Жалғыз болмаса екен деп. Бірақ бұйырмады. Болмайтын нәрсеге аспанға балта лақтырмаймыз ғой», — дейді ол.

    «Екінші тұрмыста табаны күректей 20 жыл тұрдым. Бірақ Айжұлдыз тұрмысқа шыққаннан кейін біз екі жаққа кеттік. Өзім де алдында солай ойлап жүргенмін. Арамызда бала болмады. Ол да біреудің баласы. Бізде бала болмаса әйелден көреміз ғой. Обалына қалмайын деп бір күнде шешіп, екі жаққа кеттік. Ол бұрын үйленбеген. 20 жыл бірге тұрды. Бала болған жоқ. Менен анау да көреді, мынау да менен көреді. Барлығы менен көреді ғой. Көрсе көре берсін. Ол кісі балалы болса екен деп тілеймін. Ұл болса да, қыз болса да бір балалы болса екен деп тілеймін. Тым жақсы азамат. Кеткеніне де бес жыл болды ғой. Бағы жанып, бір перзентті болса екен деп жүрмін», — дейді ол.

    Previous ArticleҚызылордада қатты жел соғып, тұрғын үйдің шатырын жұлып кетті
    Next Article Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен сөйлесті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.