Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Германия Бразилияға динозаврдың бас сүйегін қайтарады
    Жаңалықтар

    Германия Бразилияға динозаврдың бас сүйегін қайтарады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова05.05.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Германиядағы Штутгарт табиғат тарихы мұражайы Бразилияға сирек динозаврдың бас сүйегін қайтаруға келісті. Бұл шешім бірнеше жылға созылған келіссөздер мен халықаралық қысымнан кейін қабылданды. Мұндай жағдайлар қазба қалдықтарының заңсыз айналымы тәжірибесінде сирек кездеседі, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі The Guardian-ға сілтеме жасап.

    Бұл олжа 1991 жылы мұражайға жеке тұлғалардан түскен. Ғалымдардың айтуынша, бас сүйек Оңтүстік Америкадағы Ромуальдо геологиялық формациясынан табылған және ерте бор кезеңінде (шамамен 113–110 млн жыл бұрын) өмір сүрген жыртқыш спинозавридің бас сүйегі.

    Алайда табылған қалдық бастапқыда қатты бүлінген. Оны сатқан адамдар сүйектерді гипспен жөнсіз біріктіріп, «тауарлық» кейіпке келтіруге тырысқан. Осыған байланысты 1996 жылы жаңа түр сипатталған кезде оған Irritator challengeri деген атау берілді. «Irritator» (яғни «тітіркендіргіш») сөзі зерттеушілердің ашуын білдірсе, «challengeri» атауы Артур Конан Дойл шығармасындағы профессор Челленджерге сілтеме жасайды.

    Кейін бұл олжа халықаралық дауға себеп болды. Себебі Бразилия заңнамасына сәйкес, палеонтологиялық табыстар мемлекет меншігі болып саналады және оларды елден шығару үшін арнайы рұқсат қажет. Осыған байланысты елде артефактты қайтару үшін қоғамдық және ғылыми кампания жүргізілді.

    2026 жылдың сәуірінде Германия мен Бразилия билігі бірлескен мәлімдеме жасап, қазба қалдықты тарихи отанына қайтаруға уағдаласты. Алайда нақты қайтару мерзімі әлі жарияланған жоқ.

    Сарапшылардың пікірінше, бұл оқиға – музей қорларында сақталған даулы артефактілерді қайтару ісіне оң үлгі бола алады. Бүгінде Еуропа мен АҚШ-тағы ғылыми мекемелерде шығу тегі күмәнді көптеген қазба қалдықтары сақтаулы, ал оларды тарихи отанына қайтару жағдайлары әлі де сирек кездеседі.

    Previous ArticleАстана-Щучинск тас жолында жан түршігерлік жол апаты болды
    Next Article Қарқаралыдағы тастарға жазу жазған тұрғын ұсталды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.