Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Талдықорған тұрғыны жазаға тартылды
    Жаңалықтар

    Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Талдықорған тұрғыны жазаға тартылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова01.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: polisia.kz


    Талдықорғанда қоғамдық әдепті бұзған TikTok қолданушысы жазаланды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    «ҚР ІІМ жаңалықтары» Telegram-арнасында хабарланғандай, Жетісу облысы ПД “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау бағытында жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.

    Кезекті мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзып, бейәдеп сөздер айтқан азамат анықталды. Құқық бұзушы – Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны.

    Тексеру барысында оның бұған дейін де дәл осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Алайда соған қарамастан, ол заң талаптарын қайтадан бұзған.

    Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот қаулысына сәйкес, азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

    Полицейлер интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарының тұрақты негізде жүргізілетінін еске салды. Заң талаптарын бұзғандарға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

    Previous ArticleПредыдущая запись
    Next Article Қазақстан әйелдер күресінен әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Казахстанцы смогут получать больше медицинских услуг онлайн

    04.08.2026

    В Кыргызстане запретили кремацию тел

    04.08.2026

    Қазақстанда пәтерді сату салығы: мұраға немесе сыйға берілген баспанаға салық қашан төленеді?

    03.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.