Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қырғыз Республикасы Қазақстанға су жібереді
    Жаңалықтар

    Қырғыз Республикасы Қазақстанға су жібереді

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин28.04.202582 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: gov.kz

    Суару маусымы басталған сәуір айының өзінде-ақ 45 млн текше метр су берілді,  деп хабарлайды salemnews.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

    Сәуір айының соңынан бастап Қырғыз Республикасы Қазақстанға Талас өзені арқылы тағы 400 млн және Шу өзені арқылы 180 млн текше метр су жібереді.

    Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаев Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық су шаруашылығы құрылымдарын пайдалану жөніндегі қазақ-қырғыз комиссиясының 35-ші отырысында осы жөнінде келісімге келді.

    Бұл су Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруға жұмсалады.

    Сонымен қатар тараптар қоршаған ортаны қорғау және су сапасын бақылау бойынша бірлескен жұмыс тобының қызметін талқылады.

    Отырысқа сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігі өкілдері қатысты. Комиссияның тең төрағалары – ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров және Қырғыз Республикасының Су ресурстары қызметінің директоры, министр орынбасары Нұрлан Жұмаев.

    «Былтыр қырғыз әріптестерімізбен бірлескен жұмыстың арқасында Жамбыл облысының диқандарын суармалы сумен толық қамтамасыз еттік. Мысалы, Талас өзені арқылы Қазақстанға жоспарланған 380 млн текше метрдің орнына 418 млн текше метр су келді. Ал Шу өзені арқылы 165,3 млн текше метр су келді, бұл бір жыл бұрынғы көлеммен салыстырғанда 29,7 миллионға артық»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

    Қазақстан Қырғызстан
    Previous ArticleАтом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының екі орынбасары тағайындалды
    Next Article Қазақстанның білім беру ұйымдарындағы тамақтану нысандарында мемлекеттік бақылау күшейеді
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.