Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Қуаныштың көз жасы»: Грант иегерлері әсерлі сәттерін бөлісіп жатыр
    Жаңалықтар

    «Қуаныштың көз жасы»: Грант иегерлері әсерлі сәттерін бөлісіп жатыр

    SalemnewsSalemnews08.08.202542 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: видеодан скриншот

    7 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысын жариялады. Бұл күнді еліміздің мыңдаған мектеп түлегі тағатсыздана күткен еді. Олар үшін бұл – арман болған тегін жоғары білімге бір табан жақындау мүмкіндігі, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Грант иегерлерінің тізімі жарияланған сәттен бастап, әлеуметтік желілерде ондаған әсерлі видео пайда болды. Жас түлектер, олардың ата-аналары мен жақындары көз жасына ерік беріп, қуаныштан айқайлап, бір-бірін құшағына алып жатқан сәттерін бөлісіп жатыр.

    Көпшілік үшін бұл тізім – жай ғана тізім емес, бұл – жаңа өмірдің бастауы. Бірі жақсы жаңалықты отбасымен бірге естісе, енді бірі жалғыз болса да, әр видеодағы қуаныш шынайы. Кейбір кадрларда жас түлектер көз жасын әрең тыйып, ата-анасын құшақтап жатады. Ал ересектердің де жүрегі елжіреп, олар да қуанышын жасыра алмайды.

    Мен түстім! Грантқа! Анашым, естіп тұрсың ба? Тегін оқимын! – дейді көз жасына ерік берген бойжеткен бір видеода. 

    Тағы бір бейнежазбада жас жігіт тізерлеп отырып, естіген жаңалығына сене алмай, қуаныштан егіліп жатыр.

    Әсіресе жүректі елжірететін сәттер – ата-аналар мен әжелер мен аталардың эмоциясы. Олар немерелерімен бірге нәтижені қарап, жылап, күліп, алғыс айтып, мақтанышпен құшақ жаяды.Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялайды

    Грант – бұл жай ғана тегін оқу емес. Көптеген қазақстандық отбасы үшін бұл – жарқын болашаққа жол, қаржылық ауыртпалықтан құтылу, ең бастысы – үлкен арманның орындалуы. Сондықтан осындай ерекше қуаныш пен эмоцияны толық түсінуге болады.

    Ғылым және жоғары білім министрлігі де грант иегерлерін құттықтады:

    Сіздердің білімге деген ұмтылыстарыңыз, қажырлы еңбектеріңіз бен биік армандарыңыз тоғысқан сәтке куә болу – біз үшін зор құрмет. Маңызды додада жеңіске жетуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз – сіздер ең үздік болуға әбден лайықсыздар! — делінген ведомствоның құттықтауында.

    Биылғы конкурс ерекше тартысты өтті: ҰБТ-дан жоғары балл жинау – грантқа кепіл бола алмады. Тіпті ондық үлестегі айырмашылық шешуші рөл атқарды. Сондықтан бұл додада жеңіске жеткен түлектер үшін бұл қуаныштың құны да, қуаты да ерекше.

    Біреулер жеңісін тойлап жатса, енді біреулер әлі де үмітін үзген жоқ – барлық талапкер бірдей грантқа іліккен жоқ. Қазірдің өзінде әлеуметтік желілерде тізімге енбегендерге қолдау білдіру сөздері айтылып жатыр. Бірақ бүгінгі күн – ел бойынша мыңдаған отбасы үшін мереке екені анық.

    Еске салсақ, бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады

    грант
    Previous ArticleАқтау-Бейнеу автожолы ақылы болады
    Next Article Көмір алдағы жылдары ҚР-да энергияның негізгі көзі болып қала береді: «Каспий» биржасының аналитикалық есебі
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.