Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қос азаматтығы бар 12 адам жауапқа тартылды
    Жаңалықтар

    Қос азаматтығы бар 12 адам жауапқа тартылды

    SalemnewsSalemnews12.06.202551 Min Read
    Vector Passports with map isolated on white background
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: freepik.com

    Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзу деректері бойынша бірқатар азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес, елімізде қос азаматтыққа жол берілмейді.

    «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның 3-бабына сай, еліміздің азаматы өзге мемлекеттің азаматтығында қатар жүре алмайды.

    Егер қазақстандық азамат басқа елдің азаматтығын алса, ол 30 күнтізбелік күн ішінде бұл жайында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе консулдық мекемелерге хабарлауға міндетті. Бұл талапты орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы аумағынан шығарып жіберіледі.

    Жыл басынан бері Абай облысында осындай 12 құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде алты шетелдік елден шығарылса, қалған алтауы айыппұл төледі.

    Сондай-ақ биылғы алты ай ішінде облыстың көші-қон қызметі басқармалары мен бөлімшелері 269 азаматтықтан шығу туралы өтінішті тіркеген. Оның ішінде 263 өтініш Ресей Федерациясының азаматтығына, қалғандары АҚШ, Түркия, Қырғызстан және Чехия азаматтығын алуына байланысты берілген.

    Полиция азаматтарды заң талаптарын бұзбауға, қос азаматтықты жасырудың ауыр құқықтық салдары болатынын ұмытпауға шақырады.

    азаматтық Көші-қон
    Previous ArticleПрезидент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдер парламенттерінің спикерлерімен кездесті
    Next Article Елена Рыбакина Лондондағы турнирдің ширек финалына шықты
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.