Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанның астығын, еті мен сүтін Грузияға экспорттау мәселесі талқыланды
    Жаңалықтар

    Қазақстанның астығын, еті мен сүтін Грузияға экспорттау мәселесі талқыланды

    SalemnewsSalemnews22.07.2025102 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен ресми кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, инвестициялық жобаларды дамыту және Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) аясындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымы өсіп келеді

    2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 75,2 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,7%-ға артық.

    Ауыл шаруашылығы өнімдерінің, оның ішінде астық, ұн, ет-сүт және кондитерлік тауарлардың жеткізілімі де талқыланған негізгі бағыттардың бірі болды.

    Логистика мен инфрақұрылым – өзара іс-қимылдың негізгі бағыты

    Тараптар көлік-логистикалық байланысты нығайту қажеттілігіне ерекше назар аударды. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында теміржол арқылы тасымалданған жүк көлемі 159,5 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 67%-ға артты.

    PTC Holding компаниясы жүзеге асырған маңызды жоба — Поти портындағы жаңа қазақстандық контейнер терминалы. Оның жылдық қуаты 120 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) құрайды. Бұл – Грузиядағы теңіз портында іске қосылған алғашқы қазақстандық инфрақұрылымдық жоба.

    «Бұл Транскаспий бағыты бойынша жүктер ағынын арттырудағы маңызды қадам. Жоба Ляньюньган және Сиань қалаларындағы терминалдармен үйлесе отырып, Қазақстанның қолданыстағы инфрақұрылымын толықтырады», — деді Олжас Бектенов.

    Мұнай терминалдары мен туризм әлеуеті кеңейтіледі

    Кездесуде Батуми мұнай терминалы мен портының қуатын кеңейту, сондай-ақ туристік бағыттарды жандандыру мүмкіндіктері де талқыланды. Грузия тарапы сауда, туризм және логистикалық инфрақұрылым бағыттарында Қазақстанмен әріптестікті одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.

    Тараптар уағдаластықтарды іске асыруға дайын

    Кездесу соңында Қазақстан мен Грузия үкіметтері қол жеткізілген уағдаластықтарды жүйелі түрде жүзеге асыруға, сондай-ақ Үкіметаралық комиссия шеңберінде жұмысын жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.

    Грузия Ет-сүт өнімдері экспорт
    Previous ArticleТүркістан облысында полицей қызметтік көлікпен аударылып қалған
    Next Article «Шығын – 58 млн»: Павлодарда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.