Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда пәтерді сату салығы: мұраға немесе сыйға берілген баспанаға салық қашан төленеді?
    Жаңалықтар

    Қазақстанда пәтерді сату салығы: мұраға немесе сыйға берілген баспанаға салық қашан төленеді?

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова03.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Егер мұраға немесе сыйға алынған пәтердің бағалау құны анықталған болса, салық сату бағасы мен бағалау құнының айырмасынан есептеледі

    Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сату кезінде құн өсімінен табыс табылса, оған 10% жеке табыс салығы (ЖТС) салынады.

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа ереже күшіне енді. Тengri Нome дерегінше, Егер меншік құқығы осы күннен кейін тіркелсе, пәтерді сатып алғаннан кейін кемінде екі жыл иеленген жағдайда ғана құн өсімінен салық төлеуден босатылады. Бұған дейін бұл мерзім бір жыл болған.

    Мұраға немесе сыйға берілген жылжымайтын мүлікті алғаны үшін ЖТС төленбейді. Алайда оны кейін сатқан кезде құн өсімінен табыс пайда болса, салық міндеттемесі туындайды.

    Егер мұраға немесе сыйға алынған пәтердің бағалау құны анықталған болса, салық сату бағасы мен бағалау құнының айырмасынан есептеледі. Ал бағалау жүргізілмесе, кейбір жағдайларда салық бүкіл сату құнынан есептелуі мүмкін.

    Егер салық төлеу міндеті туындаса, азамат келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін декларация тапсырып, құн өсімінен түскен табыстың 10%-ын ЖТС ретінде төлеуі тиіс.

    Салықты уақытында төлемеген жағдайда өсімпұл есептеледі, ал берешек кейін сот арқылы өндіріп алынуы мүмкін.

    Previous ArticleSpaceX зымыранының 5 тонналық бөлшегі Айға құлайды
    Next Article В Кыргызстане запретили кремацию тел
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Казахстанцы смогут получать больше медицинских услуг онлайн

    04.08.2026

    В Кыргызстане запретили кремацию тел

    04.08.2026

    SpaceX зымыранының 5 тонналық бөлшегі Айға құлайды

    03.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.