Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстан Премьер-лигасында «Ертіс» пен «Қызылжар» жеңіске жетті
    Жаңалықтар

    Қазақстан Премьер-лигасында «Ертіс» пен «Қызылжар» жеңіске жетті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова01.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    «Ертіс» өз алаңында «Каспийді», «Қызылжар» «Ақтөбені» ұтты.

    Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында «Ертіс» өз алаңында «Каспийді» 3:2 есебімен жеңді.

    Кездесуде ақтаулық клуб сапынан Ноа Ндомбази есеп ашты. Екінші таймда Жан Морел По мен Юши Шимамура павлодарлықтарды алға шығарды. Павел Седько пенальтиден есепті теңестіргенімен, 90+14-минутта По тағы бір пенальтиді дәл орындап, «Ертіске» жеңіс сыйлады.

    Осы жеңістен кейін «Ертістің» 17 ұпайы болды. Команда турнир кестесінің соңғы орнында қалып отыр. «Каспийде» 21 ұпай бар.

    Петропавлда өткен тағы бір матчта «Қызылжар» «Ақтөбені» 3:1 есебімен ұтты.

    Алаң иелері сапынан Евгений Макаренко, Этьен Бугре және Лиридон Латифи гол соқты. «Ақтөбенің» жалғыз добын Яни Атанасов енгізді. Қонақтар екінші таймда Темірлан Ерланов алаңнан қуылғаннан кейін ойынды он футболшымен жалғастырды.

    «Қызылжар» 22 ұпаймен турнир кестесінің орта бөлігінде тұр. 31 ұпайы бар «Ақтөбе» төртінші орнын сақтап қалды.

    Previous ArticleИталияда магнитудасы 4,7 жер сілкінісі болды
    Next Article Атақты италиялық бапкер Қазақстан құрамасын жаттықтыруға дайын екенін айтты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Казахстанцы смогут получать больше медицинских услуг онлайн

    04.08.2026

    В Кыргызстане запретили кремацию тел

    04.08.2026

    Қазақстанда пәтерді сату салығы: мұраға немесе сыйға берілген баспанаға салық қашан төленеді?

    03.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.