Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қарағанды ауруханасында бір жасар бала көз жұмды
    Жаңалықтар

    Қарағанды ауруханасында бір жасар бала көз жұмды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова19.04.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: ДСМ

    Қарағандыдағы бала өліміне қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жазды.

    Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, пациент ауру басталғаннан кейінгі екінші тәулікте инфекциялық орталыққа емдеуге жатқызылған.

    «Жағдайының нашарлауына байланысты бала реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Тексеру барысында бактериялық, вирустық және саңырауқұлақ текті қоздырғыштардың болуымен аралас инфекцияға байланысты аса ауыр жағдай анықталды», — делінген хабарламада.

    Министрліктің мәліметінше, ауру ағымы айқын иммун тапшылығымен, сондай-ақ туғаннан бастап вакцинациялаудың болмауымен асқынған, бұл ағзаның инфекцияға қарсы тұру мүмкіндігін едәуір шектеп, жүргізілген емнің тиімділігін төмендеткен.

    «Медициналық көмек қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес толық көлемде көрсетілді. Емдеу тәсілі бірнеше рет республикалық консилиумдардың шеңберінде, салалық мамандардың, соның ішінде штаттан тыс бас балалар инфекционисті, бас балалар пульмонологы, бас балалар реаниматологының қатысуымен қаралды. Қосымша түрде экстракорпоральдық мембраналық оксигенацияны (ЭКМО) қолдану мүмкіндігі де қарастырылды», — дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

    Қарқынды терапия жүргізіліп, барлық қажетті шаралар қабылданғанына қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады, деп жазды министрлік.

    Министрлік аталған факт бойынша көрсетілген медициналық көмекті объективті бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, жан-жақты тексеру жүргізілетінін хабарлады.

    Сондай-ақ БАҚ өкілдерін, блогерлерді және қоғамды тек тексерілген әрі ресми ақпарат көздеріне сүйенуге, асығыс қорытынды жасамауға және расталмаған деректерді таратудан бас тартуға шақырды.

    Previous ArticleКаспий жағалауында итбалықтар жаппай қырылып жатыр
    Next Article Шымкентте дәмхана өртенді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.